KZ     RU     ENG
Сейсенбі, 25 Маусым 2019



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
         12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
барлығы:  16116125
2019 жылы:  1577907
бүгiн:  16942
қазiр:  216
Негізгі бетке өту
Кітапхана туралы / Кітапхана құрылымы / Ұлттық библиография қызметі / 2009

Өтеген Күмісбаев = Утеген Кумисбаев: Библиогр. көрсеткіш /ҚР Ұлттық к-сы; Құраст.: М.К.Әбілова, А.Н.Нұрсейітова; Ред. О.Д.Құспанова.- Алматы, 2009.- 107 б.- Қазақ, орыс т-де.

Көрсеткіш белгілі ақын, танымал шығыстанушы ғалым, профессор, шығыс ақындары шығармаларының аудармашысы, филология ғылымдарының докторы Өтеген Күмісбайұлы Күмісбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған. Көрсеткішке 1959 жылдан 2009 жылдың наурыз айына дейін жарияланған мәліметтер енгізілген. Ғылыми қызметкерлерге, мамандарға, жазушының еңбектерін зерттеушілерге, кітапханашыларға, мәдениет қызметкерлеріне, студенттерге және көпшілік оқырман қауымға арналған.

Кенен Әзірбаев (1884-1976): Ұсыныстық библиогр. көрсеткіш = Кенен Азербаев (1884-1976): Реком. библиогр. указ. /ҚР ҰК; Құраст.: Ш.Б.Үсен-баева, А.Б.Рақышева; Ред. О.Д.Құспанова, А.Н.Нұрсейітова.- Алматы, 2009.- 116 б.- Қазақ, орыс т-де.- («Қазақстан өнері» сер.).

Көрсеткіш әнші, халық сазгері, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Кенен Әзірбаевтың 125 жылдық мерейтойына арналған. Көрсеткіште 1937 жылдан 2009 жылдың сәуір айына дейінгі баспа беттерінде жарық көрген басылымдар қамтылды. Ғылым және мәдениет қызметкерлеріне, студенттерге, өнер сүйер қауымға, халық ақынының өмірі мен өнер жолымен жақынырақ танысқысы келетін жалпы көпшілікке арналған.

Әшірбек Сығай: Библиогр. көрсеткіш /ҚР ҰК; Құраст. А.Н.Нұрсейітова; Ред. О.Д.Құспанова.- Алматы, 2009.- 78 б.

Көрсеткіш көрнекті театр зерттеушісі, сыншы, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, профессор Әшірбек Төребайұлы Сығайдың өмірі мен шығармашылығына арналған. Көрсеткішке 1969 жылдан 2009 жылдың наурыз айына дейінгі кезеңде баспа бетінде жарық көрген мәліметтер енгізілген. Көрсеткіш өнер және театр мамандарына, көпшілік өнер сүйер оқырман қауымға арналған.

Дүкенбай Досжан = Дукенбай Досжан: Библиогр. көрсеткіш /ҚР ҰК; Құраст.: М.Әбілова, А.Н.Нұрсейітова; Ред. О.Д.Құспанова.- Алматы, 2009.- 113 б.

Көрсеткіш көрнекті жазушы Дүкенбай Досжанның өмірі мен шығармашылығына арналған. Көрсеткішке 1959 жылдан 2009 жылдың наурыз айына дейін баспа бетінде жарық көрген мәліметтер енгізілген. Көрсеткіш ғылыми қызметкерлерге, әдебиеттанушы мамандарға, жазушының еңбектерін зерттеушілерге, кітапханашыларға, мәдениет қызметкерлеріне, студенттерге және жалпы оқырман қауымға арналған.

Саудабаев Қанат: Библиогр. көрсеткіш = Саудабаев Канат: Библиогр. указ. /ҚР Ұлттық кітапханасы; Құраст. Ә.Ш.Сәйдембаева; Ред. А.Б.Рақыше-ва.- Алматы, 2009.- 68 б.- Қаз., орыс т-де.

Көрсеткіш мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Мемлекеттік хатшысы Қанат Бекмырзаұлы Саудабаевтың өмірі мен қызметіне арналған. Көрсеткішке 1968 жылдан 2009 жылдың маусым айына дейінгі кезеңде баспа бетінде жарық көрген мәліметтер енгізілген. Жалпы оқырман қауымға, саясаткерлерге, тарихшылар мен зерттеушілерге, еліміздің тұрақтануы мен дамуы мәселесімен айналысатын мамандарға арналған.

Қазақстан Республикасының мекемелері, ұйымдары және көрнекті қайраткерлері мерейтойларының күнтізбесі – 2010 жыл /ҚР ҰК; Құраст.: Ш.Үсенбаева. - Алматы, 2009. - 100 б.

Күнтізбеге жалпыхалықтық мәдени маңызы бар оқиғалар мен республиканың экономикалық және мәдени дамуына ерекше үлес қосқан жекелеген ұйымдардың, ғылым мен өнердің көрнекті қайраткерлерінің мерейтойлары енгізілді. Сонымен қатар қазақстандық Кеңес Одағы Батырларының мерейтойлық күндері, Қазақстан Республикасының ұлттық, мемлекеттік, кәсіптік және өзге де мерекелі күндері берілген. Күнтізбе жылдың әрбір айы бойынша хронологиялық ретпен жүйеленген. «Туған күні, айы белгісіз қайраткерлер мен мекемелер тізімі» жеке топтастырылған. Жұлдызшамен белгіленген күндерге қысқаша анықтама жазылып, тақырыпқа қатысты әдебиеттер тізімі қоса берілген. Әдебиеттер тізімінде негізінен соңғы жылдары жарық көрген кітаптар мен мақалалар ұсынылған. Көмекші құрал ретінде есімдер көрсеткіші берілген. Күнтізбе кітапханалар мен мәдени мекемелерге, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне және көпшілік оқырмандарға арналады.

Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование