«Қазақстан кітаптары» қызметінің оқу залында Алматы қ. Қазақстан халқы Ассамблеясының Депозитарийі жанынан Өзбекстандағы Қазақстан жылына байланысты, «Ұлы даласы бар халық-татулы. Сплоченный народ Великой степи» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Ө.Сұлтанғазин атындағы ғылыми кызметкерлерге арналған оқу залында көрнекті қазақстандық ғалым, ҚР ҰҒА академигі, Қазақстан ғылымы мен техникасының еңбек сіңірген қайраткері Мәлік-Айдар Хантемірұлы Асылбековтің туғанына 90 жыл толуына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.