KZ     RU     ENG
Сенбі, 23 Ақпан 2019



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
       123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728
барлығы:  14921679
2019 жылы:  383461
бүгiн:  1364
қазiр:  283
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

29.01.2019

    2019 жылдың 27-31 қаңтар аралығында Қазақстанда Үндістанның мәдениет күндері өтеді.  29 қаңтарда ҚР Ұлттық кітапханасында Үндістан көшбасшысы Махатма Гандидің туғанына 150 жыл толуына орай "Махатма Ганди – 150 жыл: өмірі мен мұрасы" атты кітап және фото көрмесімен қатар  Үндістан мәдениет күндерінің салтанатты ашылуы рәсімі өтті. Іс-шара Үндістанның Қазақстандағы Елшілігі мен Свами Вивекананда атындағы мәдени орталықпен бірлесіп ұйымдастырылды.

    Іс-шарада ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Жанат Сейдуманов, Үндістанның Қазақстандағы Елшісі Прабхат Кумар, М. Ганди №92 мамандандырылған мектеп-лицейінің директоры Ерұлан Жиенбаев сөз сөйледі. Лицей оқушылары Махатма Гандидің дана сөздерін орыс, ағылшын және хинди тілдерінде оқыды.
    Кітап көрмесінде Үндістанның Қазақстандағы Елшілігі ұсынған басылымдар, сондай-ақ ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан алынған қазақ, орыс, хинди және ағылшын тілдерінде кітаптар ұсынылды.
    Сонымен қатар, Е. Тұрсынов залында Махатма Ганди туралы деректі фильм, Болливуд заманауи режиссерлерінің көркем фильмдері көрсетілді. Үндістаннан келген би оқытушысы Шрути Гхош үнді биінен мастер-класс өткізді.
    Іс-шараға Алматы қаласы жоғарғы оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, кітапхана қызметкерлері мен оқырмандары қатысты.
Алматыдағы Үндістанның мәдениет күндері 30, 31 қаңтарда фильмдер көрсетілімімен  жалғасады.
Кіру тегін!

Барлық ниет білдірушілерді шақырамыз!

       

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование