KZ     RU     ENG
Дүйсенбі, 22 Сәуір 2019



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930
барлығы:  15454604
2019 жылы:  916386
бүгiн:  6785
қазiр:  48
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

29.01.2019

    2019 жылғы 25 қаңтарда Әлем әдебиеті залында Қазақстан Республикасындағы Ресей ынтымақтастығы өкілдігінің және Алматы қаласындағы Ресей Федерациясы Бас консулдығының Ресей кітап бұрышына жыл сайынғы, дәстүрлі кітаптарды сыйға тарту рәсімі өтті. 
    Ресей кітап бұрышына дәстүрлі жаңа кітап топтамаларын жыл сайын табыстау рәсімі Ресейде студенттік күн ретінде атап өтілетін қасиетті Татьяна күні қарсаңында өтті.                                              
    Кітапхана қорына  жүзден аса басылым сыйға тартылды. Оның ішінде: «Русская культура», «Школьная библиотека», «Классная классика», «История. Достопримечательности. Традиции» кітап топтамалары, әйгілі кинорежиссер С.А.Соловьевтың актерлар: В.Тихонов, А.Абдулов, Т.Друбич, О.Янковский, И.Смоктуновский туралы «Те с которыми я…» атты кітап топтамасы бар. Ұлы балетмейстер және театр саңлағы Мариус Петипаның туғанына 200 жыл толуына арнайы басылып шығарылған кітап сыйға берілді. 
     Іс-шарада ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Ж.Т. Сейдуманов, Алматы қаласындағы Ресей Федерациясы Бас консулдығының Бас консулы Е.П. Бобров, Қазақстан Республикасындағы Ресей ынтымақтастығы өкілдігінің және Алматы қаласындағы  Ресей Федерациясы Бас консулдығының консулы И.В.Переверзева сөз сөйледі. Іс-шараға кеш конақтары және кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты,  олар Алматы қаласындағы Ресей Федерациясы Бас консулдығына өздерінің ұсыныстары мен жылы лебіздерін білдірді.

       

                                       

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование