KZ     RU     ENG
Сенбі, 23 Ақпан 2019



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
       123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728
барлығы:  14921652
2019 жылы:  383434
бүгiн:  1337
қазiр:  264
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

18.01.2019

   Әлем әдебиеті қызметінің оқу залында «Мәдениетті біріктіретін - Кітап» атты тұрақты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
   Халықаралық мәдениеттерді жақындастырудың онжылдығы - мәдениетаралық ынтымақтасу саласындағы ауқымды бастама. ЮНЕСКО-ның Бас конференциясы 36-сессиясында Қазақстан 26 шетелдік мемлекеттің қолдауымен «Мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық онжылдығын» жариялау туралы ұсыныс жасады. 2013 жылғы 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы өзінің 2013-2022 жылдарға арналған Мәдениеттерді жақындастырудың Халықаралық Онжылдығын жариялады, ол мәдениетаралық және конфессияаралық ынтымақтасудың, халықтардың жақындасуының маңыздылығы мен болашағын айқындады. Бұл Онжылдық бағдарламасына бүкіл әлемдегі мәдени іс-шаралар енгізілді, оның негізгі мақсаты мәдениет диалогы - бейбітшілікті нығайту және жалпы адами құндылықтарды сақтау. Мәдениеттер арасындағы диалог - бұл әлемде ынтымақтастық  бейбітшілік орнатудың ең  жақсы жолы.
   Қазақстан - бұл жобада ең  маңызды рөл атқарады. Біздің еліміз мәдениаралық және дінаралық диалог бойынша маңызды іс-шараларды ұйымдастыратын Атқарушы кеңестің бастамашысы және белсенді мүшесі болып табылады. "Саясаткерлер мәдениетті жақындастыру-бұл ұзақ, бірақ халықтардың жақындасуының жалғыз жолы, бейбітшілікті нығайтудың және жер бетіндегі өмірді сақтаудың жалғыз жолы екенін түсінеді", - деді өз сөзінде Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО-дағы тұрақты өкілі Олжас Сүлейменов.
   Қазақстан – көпмәдениетті, көпұлтты, көпконфессиялы мемлекет. Біздің  ғаламшарымыздағы әлемге ортақ бейбітшілік туралы жалпы қамқорлық,  білім берудің жоғары стандарттарына, ғылыми жетістіктерге және тұрақты дамуға ұмтылуды біріктіреді.  Әрбір өркениетті халықтың рухани негізі - бейбітшілікке деген ұмтылысты білдіреді. Қазақстан Республикасы үшін аймағында 130 –дан астам этникалық топ өкілдері бейбіт өмір сүріп жатқан,  ЮНЕСКО-ның мәдениетаралық, өркениетаралық және дінаралық диалогын нығайтуға бағытталған қызметі тығыз және жақын байланыста.
   «Мәдениетті біріктіретін - Кітап» атты кітап көрмесіне ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан БҰҰ-ның, ЮНЕСКО мәдениеттерінің халықаралық жақындасуы туралы қызмет құжаттары, жер бетіндегі бейбітшілікті сақтаудағы  адамзаттың  заманауи  даму зерттеулері, әлем халықтарының мәдениеті, Қазақстанның БҰҰ және ЮНЕСКО-мен ынтымақтастығы туралы құжаттар ұсынылған.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование