KZ     RU     ENG
Дүйсенбі, 27 Мамыр 2019



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
   12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031
барлығы:  15808663
2019 жылы:  1270445
бүгiн:  727
қазiр:  112
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

16.01.2019

   «Қазақстан кітаптары» қызметінің оқу залында Алматы қ. Қазақстан халқы Ассамблеясының Депозитарийі жанынан Өзбекстандағы Қазақстан жылына байланысты, «Ұлы даласы бар халық-татулы. Сплоченный народ Великой степи» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
   Қазақстан мен Өзбекстан - ортақ  тарихы мен мәдени тамырластығы бар, әрқайсысында этникалық өкілдер өмір сүретін Орталық Азиядағы ең ірі елдер.                
   Бүгінгі Қазақстан аумағы Орталық Азиядағы исламның бесігі болып табылады. Ежелгі заманнан бері екі бауырлас халықтардың ұлы рухани мұрасы олардың қандас бауырластығы, біріңғай аумағы, тарихы, тілі және салт-дәстүрімен біте қайнасқан.                    

   Мемлекет басшысының 2019 жылы Өзбекстанда Қазақстан жылын өткізу туралы шешімі екі ел арасындағы  достық қарым-қатынастар арқылы қол жеткізілетін сенім мен әріптестіктің жоғары деңгейінің айқын дәлелі. Осы бастамалар шеңберінде өткізілетін барлық іс-шаралар екі бауырлас халықтар арасындағы жақындасу және олардың достығын одан әрі тереңдету  болып табылады.
   Мемлекеттер арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың басым бағыты көлік- транзит қозғалысы, энергетика, өнер, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстар  саласындағы өзара маңызды қарым-қатынастар болып табылады.
   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының кітап қорынан қазақ және өзбек халықтарының мәдениеті мен өнері, тарихы, салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары бойынша материалдар, өзбек авторларының қазақ және орыс тілдеріндегі шығармалары ұсынылды.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование