KZ     RU     ENG
Дүйсенбі, 27 Мамыр 2019



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
   12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031
барлығы:  15808804
2019 жылы:  1270586
бүгiн:  868
қазiр:  120
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

16.01.2019

   Ө.Сұлтанғазин атындағы ғылыми кызметкерлерге арналған оқу залында көрнекті қазақстандық ғалым, ҚР ҰҒА академигі, Қазақстан ғылымы мен техникасының еңбек сіңірген қайраткері Мәлік-Айдар Хантемірұлы Асылбековтің туғанына 90 жыл толуына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды. 
   Мәлік-Айдар Хантемірұлы Асылбеков 1929 жылы 15 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысының, Шардара ауылында дүниеге келген. 1945 ж. қазақ орта  мектебін, 1948 ж. Шымкент қ. мұғалімдер институтын, 1959 ж. С.М.Киров  атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін үздік  бітірді (қазіргі әль-Фараби атындағы ҚазҰУ).
   М.Асылбеков өзінің еңбек жолын ауыл мектебіндегі мұғалімдіктен бастады. Бірнеше жылдан кейін ол осы мектепті басқарды, кейіннен Қызыл-Құм аудандық халыққа білім беру бөлімінде қызмет етті. 1959 ж Тарих, археология және этнография институтында ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысты. Осы кезден бастап жарты ғасырдан астам уақыт бойы оның өмірі Қазақстанның академиялық тарихи ғылымымен тығыз байланыста болды. 1984-1985 жж. осы институт директорының орынбасары, 1980-2002 жж. бас ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі болды. Ғалым белсенді ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі ретінде 1963 жылы «XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы Қазақстан теміржолшы кадрларын қалыптастыру және дамыту (1917-1970)» тақырыбы бойынша диссертация қорғады.
   М.Асылбеков 450-ден астам ғылыми жұмыстарын соның ішінде XIX-XXI ғғ. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және демографиялық даму мәселелері бойынша 12 монография жариялады. Ол бес томдық Қазақстан тарихының (ежелгі дәуірден қазірге дейін), екі томдық «Қазақстан жұмысшы табы тарихының», «Қазақстан тарихы очерктері» және т.б. қазақ және орыс тілдердегі еңбектердің редакторы. Қазақстанның индустриалды даму тарихымен және Қазақстанның жұмысшы табымен тығыз байланыста болған Қазақстанның көрнекті мемлекет және қоғамдық-саяси қайраткері Тұрар Рысқұловтың өмірі мен  қызметін зерттеді.
   Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында М.Асылбеков тарихи демография мәселелері бойынша ғылыми мектеп құрды, республиканың және өңірлердің әлеуметтік-демографиялық тарихын жасады. Оның нәтижелері «Монғолиядағы қазіргі заманғы демографиялық үрдістер» (1995), «Қазақтар» (2000), «Қазақстан Республикасының егемендік жағдайдағы демографиялық дамуы» (2001) және 20-дан астам ғылыми мақалалар, Қазақстан тарихы мен халықтың өзекті мәселелері бойынша жарияланған баяндамалары мен хабарламалары. Ғылыми қызметі барысында М. Асылбеков 10-нан астам ғылым докторын және 30 ғылым кандидатын дайындады.
   Профессор (1983), Қазақстан ғылымы мен техникасының еңбек сіңірген қайраткері (1998), Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі (2003).
   Малик-Айдар Асылбеков 2015 жылы 2 мамырда Алматы қ. қайтыс болды.
   Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорынан ұйымдастырылған кітап көрмесінде ғалым М.Асылбековтің өмірі мен шығармашылығына арналған материалдар,  оның еңбектері, монографиялары және мерзімді баспасөз беттеріндегі мақалалары ұсынылды.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование