KZ     RU     ENG
Бейсенбі, 17 Қаңтар 2019



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78 9 10 11 1213
14 15 16 17181920
21222324252627
28293031
барлығы:  14659756
2019 жылы:  121538
бүгiн:  5230
қазiр:  377
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

11.01.2019

   Әлем әдебиеті оқу залында «Жаһандану, жаһандық азаматтық және тұрақты даму мақсаттары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
   Жаһандану халықаралық маңызы бар әртүрлі факторлардың: экономикалық және саяси байланыстардың, мәдени және ақпарат алмасудың жекелеген елдердің әлеуметтік шынайылығына ықпал ету үрдісі. Жаһанданудың негізгі шарттары қаржы нарықтарындағы еркін бәсекелестікті, қаржы операцияларын және тәуекелдерді талдауды шектейтін шараларды жою болып табылады. Жаһанданудың негізгі аспектілері - елдер арасындағы тұрақты тауар-ақша қатынастарының жүйесі ретіндегі әлемдік нарық.  Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) жаһандану үдерісінде маңызды рөл атқарады. ХХI ғасырдағы жаһанданудың негізгі жетістігі ЕЭК құру және еуро енгізу болып табылады.   
   Тұрақты даму - бұл табиғи ресурстарды пайдалану, инвестициялау, ғылыми-технологиялық даму бағыты, жеке дамуы мен институционалдық өзгеруі бір-бірімен үйлесетін және адамның қажеттіліктері мен ұмтылыстарын қанағаттандыру үшін қазіргі және болашақ әлеуетті күшейтетін экономикалық және әлеуметтік өзгерістер үдерісі.
   Тұрақты дамудың мақсаты - біздің әлемнің өзгеруі. Тұрақты даму тұжырымдамасы үш негізгі ұстанымды біріктіру үдерісінде пайда болды: экономикалық, әлеуметтік және экологиялық. Бұл шектеулі ресурстардың оңтайлы пайдаланылуына және экологиялық таза табиғатты, энергияны және материалды үнемдейтін технологияларды қолдануға, әлеуметтік және мәдени жүйелердің тұрақтылығын сақтауға, биологиялық және физикалық табиғи жүйелердің тұтастығын қамтамасыз етуге бағытталған шараларды қабылдауды көздейді.
   БҰҰ-ның орнықты даму мақсаттары - барлық елдерден,  кедейлерден, байлардан және қалыпты дамыған елдерден келетін іс-әрекеттерге шақыру болып табылады.
   Ол біздің ғаламшарымыздың  әл-ауқаты мен қорғалуын жақсартуға бағытталған. Мемлекет кедейлікті жою жөніндегі шараларды экономикалық өсуді күшейту және білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы бірқатар мәселелерді шешуге, сондай-ақ климаттың өзгеруіне және қоршаған ортаны қорғауға қарсы шаралармен бірге қабылдау керек деп санайды.
   Көрмеге   Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорынан жаһандану дәуіріндегі адамзаттың дамуы, халықаралық аренадағы Қазақстанның рөлі, БҰҰ-ның орнықты даму саласындағы 17 мақсаттары туралы деректер және ЮНЕСКО-ның қызметтері туралы әдебиеттер мен құжаттар  қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылады.
   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование