KZ     RU     ENG
Сәрсенбі, 17 Шілде 2019



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
барлығы:  16415613
2019 жылы:  1877395
бүгiн:  11464
қазiр:  242
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

13.12.2018

   «Қазақстан кітаптары» оқу залында  танымал драматург, аудармашы, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, Қалтай Мұхамеджановтың туғанына 90 жыл толуына орай «Қазақ драматургиясының абызы» атты  кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Қалтай Мұхамеджанов 1928 жылы 24 желтоқсанда Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданының Шіркейлі ауылында дүниеге келген. 1953 жылы Мәскеу мемлекеттік театр өнері институтын бітірген (ГИТИС).
   1956-1969 жж. «Қазақ әдебиеті» газеті және «Жұлдыз» журналы редакцияларында бөлім меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар Одағының әдеби кеңесшісі. 1970-1980 жж. - Қазақстан Мемлекеттік киносының редакторы, 1982-1984 жж. - Қазақстан Жазушылар Одағының екінші хатшысы, 1984-1988 жж. - Қазақстан кинематографистер одағының бірінші хатшысы, «Ара-Шмель» журналының бас редакторы (1988-1993), «Түркістан»  (1994-1999) және «Заман-Қазақстан» газеттерінің бас редакторы болды.
   Қ.Мұхамеджанов - комедия жанрының шебері. 1959 жылы «Бөлтірік бөрік астында»
атты алғашқы пьесасы жарық көрді. Кейін «Құдағи келіпті» (1961), «Қуырдақ дайын» (1964), «Жат елде» (1968),  Шыңғыс Айтматовпен бірлесіп «Көктебедегі кездесу» (1972), «Біз періште емеспіз» (1988) және т.б. пьесаларын жазды. Қ.Мұхамеджановтың пьесалары «Сиқырлы  шымылдық» (1959), «Мейірімділік сыйлығы» (1987) атауымен жеке жинақ болып жарық көрді. 1998 жылы автордың үш томдық шығармалар жинағы шықты.
   Жазушы әдеби шығармашылықпен қатар аударма ісімен де айналысты. Қазақ тіліне Ш.Айтматовтың, М.Горькийдің, Б.Лавреневаның және т.б. шығармаларын  аударды. «Мың бір түн» шығармасын орыс тіліне аударып, бес томдық жинағын шығарды.
   Қ.Мұхамеджанов «Чинара на скале» (1964), «Айман-Шолпан» (1970) көркем фильмдер сценарийінің авторы. Мемлекеттік театрлардың сахналарында «Құдағи келіпті», «Қуырдақ дайын», «Жат елде» және т.б. пьесалары бүгінге дейін көрсетілуде. Қ.Мұхамеджановтың пьесалары Англия, Болгария, Венгрия, Монғолия сияқты шетелдік театр сахналарында қойылды.
   Қазақстанның халық жазушысы (1992), алғашқы қазақстандық кәсіби театр сыншысы. «Құрмет белгісі» (1971), «Халықтар достығы»  (1978), «Парасат» орденденімен және  медальдармен марапатталған.
   Қалтай Мұхамеджанов 2001 жылы 6 мамырда Алматы қаласында қайтыс болды.
   «Қазақ драматургиясының абызы» атты кітап көрмесіне ҚРҰлттық кітапханасының қорынан  Қалтай Мұхамеджановтың  өмірі мен шығармашылығына арналған материалдар, оның шығармалары, аудармалары, туыстарының және достарының естеліктері мерзімді басылым  беттерінде жарияланған мақалалары қойылды.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование