KZ     RU     ENG
Дүйсенбі, 22 Сәуір 2019



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930
барлығы:  15454738
2019 жылы:  916520
бүгiн:  6919
қазiр:  49
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

30.11.2018

   2018 жылғы 30 қарашада ҚР Ұлттық кітапханасының Е.Тұрсынов кинозалында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты  музыкалық кеш өтті.

   Кешті ұйымдастырған: ҚР Ұлттық кітапханасы және С.Асфендияров атындағы Ұлттық медицина университетінің Тілдер, пәндер кафедрасының аға оқытушылары З.Қ.Кокенова, Ұ.А.Ботатаева, Л.С.Бекпентаева.
   Іс-шарада  Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі депаратементі ЛА-155\18 мекемесінің қызметкері, әділет сержанты Рыспаева Балжан «Елбасы» әнін,  Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі депаратементі пробация бөлімі бастығының орынбасары, әділет капитаны  Әлжанов Еркін  «Өз елім» әнін орындады. С.Асфендияров атындағы Ұлттық медицина университеті «Стоматология» мектебінің 1 курс студенттері Байсерік Кәміл, Нарибаев Айдархан және Ұзақбай Арсен «Адай» күйін, С.Асфендияров атындағы Ұлттық медицина университеті «Фармация» мектебінің 1 курс студенттері: Алмас Күнбота «Туған жер» және «Қазақстаным, алға!», Т.Қ.Жүргенов атындағы өнер академиясының студенттері, дәстүрлі әншілер Қазкен Ұлас  К.Әзербаевтің «Қазақстан аймағым» және Қанат Бүрлен «Алтай», А.Байтұрсынов атындағы № 139 мектеп – гимназиясының оқушылары Жұмәкәрім Әлихан және Жұмәкәрім Әлішер «Бабалар рухы»,  Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, әнші Нұрсултан Машербаев «Отаным Қазақ елі» және т.б. студенттер өнер көрсетті.
   Кешті С.Асфендияров атындағы Ұлттық медицина университеті, «Фармация» мектебінің 1 курс студенттері «Көк тудың желбірегені» әнімен аяқтады.

     

     

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование