KZ     RU     ENG
Сәрсенбі, 14 Қараша 2018



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
      1 2 34
56 7 8 9 1011
12 13 1415161718
19202122232425
2627282930
барлығы:  13963431
2018 жылы:  3026465
бүгiн:  10228
қазiр:  54
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

02.11.2018

   2018 жылғы 2 қарашада Алматы қ. Достық үйінде қазақтың белгілі ақыны Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына арналған «Мен ақынмын - жалынмын» атты көшпелі кітап көрмесі өтті.

   «Рухани жаңғыру» бағдарламасын, қазақ халқы тарихының жарқын және есте қаларлық күндеріне арналған «Листая календарь» республикалық акциясын жүзеге асыру аясында  қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына арналған «Ақынның рухани мұрасы» атты еске алу кеші өтті.
   ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан ұйымдастырылған көшпелі кітап көрмесінде  Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы 100-ден астам қазақ, орыс және татар тілідерінде ақынның өлеңдері мен шығармалары және ол туралы мақалалар қойылды. Көрме негізгі төрт бөлімнен тұрады: «Мағжанның өмірі мен шығармашылығы», «Естеліктер мен зерттеулер», «Мағжанның педагогика саласына қосқан үлесі», «Мен жастарға сенемін». Қонақтарды кітап көрмесімен «Қазақстан кітаптары» қызметінің кітапханашысы А.Н.Қашағанова таныстырды.
   Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Алматы қаласының шығармашылық зиялы қауым өкілдері, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның магистранттары мен студенттері және т.б. қатысты.
   Кеш аясында Алматы қ. этномәдени орталықтарының оқушылары мен студенттері Мағжан Жұмабаевтың өлеңдерінен үзінділер оқып, «Қазақстан кітаптары» қызметінің кітапханашысы Саева Нұржамал ақынның «Мен жастарға сенемін» атты өлеңін оқыды.
   Шара соңында ҚР Ұлттық кітапханасының қызметкерлері М.Б.Жаркналова, А.Қашағанова және Н.Саеваларды еске алу кешіне белсене қатысқандары үшін Алматы қ. Достық үйінің басшылары алғыс хаттармен марапаттады.

     

                                         

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2018
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование