KZ     RU     ENG
Бейсенбі, 17 Қаңтар 2019



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78 9 10 11 1213
14 15 16 17181920
21222324252627
28293031
барлығы:  14660049
2019 жылы:  121831
бүгiн:  5523
қазiр:  71
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

07.11.2018

   2018 жылғы 7 қарашада Н.Дәулетова атындағы залда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы, ҚазҰАУ-ның «Қазақстан тарихы және Қазақстан халықтарының мәдениеті» кафедрасы және «Арыс» қоры «Қазақ» газетінің 105 жылдығына орай «Ұлттық басылым – «Қазақ» газеті» атты дөңгелек үстел және 2009-2018 жж. басылып шыққан «Қазақ газеті» жинақтарының тұсаукесері өтті.

   Іс-шараға Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының директоры Ж.Т. Сейдуманов, Бейбіт Қойшыбай, Ғарифолла  Әнес, Ерлан Ақжолов, Райхан Имаханбет, Светлана Смағұлова, Аманқос Мектеп-тегі, Кәкен Хамзин және т.б. белгілі қоғам қайраткерлері сөз сөйледі.
   Іс-шараны тарих ғылымдарының докторы Хангелді Әбжанов жүргізді «Қазақ» газеті – 1913-1918 жылдары Орынбор қаласында жарияланып тұрған қоғамдық-саяси және әдеби басылым. Алғашқы нөмірі 1913 жылы 2 ақпанда шыққан.
   Газет 1915 жылға дейін аптасына бір рет, одан кейін аптасына екі рет шығып отырды. Басып шығарушы - «Азамат» серіктестігі. Бұл газеттің барлығы 266 нөмірі жарық көрген. Газеттің рәмізі ретінде киіз үйді ұсынды. Оның түңдігі батыстан ашылып, есігіне «Қазақ» деп жазылды. «Қазақ» газетін шығаруды ұйымдастырушы, редакторы –Ахмет Байтұрсынұлы.
   Ахмет Байтұрсынұлы – қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының XX ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш Орда өкіметінің мүшесі.
   Бұл газет елдегі қазақ зиялылары мен оқырмандарын біріктірді және қазақ тілін, білім беруді, дінді тағы басқа да мәселелерді  насихаттайтын басылым болды. 1917-1918 жж. газет «Алаш» партиясының органы болды, оның қозғалысын кеңінен насихаттады.
   Іс-шараны Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Қазақстан тарихы және Қазақстан халықтарының мәдениеті» кафедрасы және «Арыс» қоры ұйымдастырды.
   Іс-шараға Алматы қаласының танымал ғалымдары, оқытушылары, оқушылары, оқырмандары мен кітапханашылары қатысты.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование