KZ     RU     ENG
Бейсенбі, 17 Қаңтар 2019



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78 9 10 11 1213
14 15 16 17181920
21222324252627
28293031
барлығы:  14659962
2019 жылы:  121744
бүгiн:  5436
қазiр:  81
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

09.11.2018

   2018 жылғы 9 қарашада Н.Дәулетова атындағы залда Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын талқылауға арналған семинар өтті.

   Іс-шараны  ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Ж.Сейдуманов ашты. Семинарда Жолдауды жүзеге асыру және елдегі кітапхана ісін дамыту бағдарламасын іс жүзінде әзірлеу, сапалы адами капиталды қалыптастырудағы басым тұжырымдамаларды анықтау және Қазақстан Республикасының кітапхана қорын жаппай цифрландыру перспективалары бойынша ұсыныстар айтылды.
Қазақстан азаматтарының ақпараттық қол жетімділігін заңнамалық қамтамасыз ету және өзара әрекеттесудің басқа да мәселелері    бойынша ақпарат, сондай-ақ кітапхана жұмысын біріктіру және саладағы мемлекеттік-жеке әріптестікті іске асыру жөніндегі жаңа бағыттардың жобалары талқыланды.
   Семинар барысында "Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру: табыс пен өмір сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына Жолдауын тиімді іске асыру үшін іс-қимылдың тәжірибелік жоспарын құру мақсатында спикерлер баяндамаларының тезистері және сараптамалық талқылаулар ұйымдастырылды.
   Семинарға  Алматы қаласы Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасының бас маманы К.Бахытжанов,  «Интерпринт» оқу орталығының жетекшісі С.Қанатова, мемлекеттік жеке меншік әріптестік сұрақтар бойынша сарапшы К.Касенов,  «Technology of imaging» ЖШС директоры Е.Люц, Фтизиопульмонология орталығының ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Қ.Молдахметова қатысып, баяндама оқыды.
   Шараны «Ғылыми-әдістемелік» қызметінің кітапханашысы Жанат Естаев жүргізді.


 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование