KZ     RU     ENG
Сәрсенбі, 14 Қараша 2018



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
      1 2 34
56 7 8 9 1011
12 13 1415161718
19202122232425
2627282930
барлығы:  13963437
2018 жылы:  3026471
бүгiн:  10234
қазiр:  58
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

08.11.2018

   2018 жылғы 8  қарашада Н.Дәулетова атындағы залда суретші, мүсінші, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Бақытжан Әбішевті еске алу кеші және  «Әбішев әлемі» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті. 

   Әбішев Бақытжан Әлімбайұлы 1947 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Н.В.Гоголь атындағы көркемсурет училищесін, Москвадағы көркемсурет институтын бітірген. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік және Қазақстан Республикасы Президентінің «Бейбітшілік және Рухани келісім» сыйлықтарының авторы, Жамбыл Жабаев атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты. «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері.
   Оның қолынан шыққан тамаша еңбектері Қазақстан Республикасының бірнеше қалаларындағы музейлерде, шетелдерде лайықты орындар алуда. Мысалы, «Олимпиец» атты тамаша жұмысы Швейцариядағы Лозанна қаласындағы Олимпиадалық комитеттің штаб-пәтерінде орналастырылса, «Күйші» атты мүсіні Германияда, «Томирис» атты еңбегі Мәскеу қаласында тұр.
   «Әбішев әлемі» атты жинаққа ескерткіштер, жеке шығармашылық жұмыстары, атқарылмай қалған жобалар және өзінің өнердегі мұрагер-ұрпақтарына қалдырған болашақта жасалатын жұмыстары топтастырылған. Кітап өнертанушылар мен көпшілік оқырманға арналған.
   Тұсаукесер рәсімін  әдебиеттанушы, сыншы Әлия Бөпежанова жүргізді.
   Іс-шараға Қазақстанның халық әртісі Нүкетай Мышбаева; Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, мүсінші Тілеуберді Бинашев; Бақытжан Әбішевтің інісі Болат Әбішев; жұбайы, ҚР еңбек сіңірген әртісі Шәмшәгүл Мендиярова және т.б. өмірдегі достары мен шәкірттері қатысып, сөз сөйледі.
   Іс-шара аясында  Бақытжан Әбішевтің шығармашылығынан көрме ұйымдастырылып, мүсінші өмірінен бейнеролик көрсетілді.

     

                                      

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2018
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование