KZ     RU     ENG
Бейсенбі, 17 Қаңтар 2019



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78 9 10 11 1213
14 15 16 17181920
21222324252627
28293031
барлығы:  14662912
2019 жылы:  124694
бүгiн:  8386
қазiр:  60
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

11.09.2018

   2018 жылғы 11 қыркүйекте Н.Дәулетова атындағы залда жазушы Қайсар Әлім шығармашылығының 55 жылдығына орай, «Міржақыптың оралуы. Возвращение Миржакипа», «Безінген ләйлек», «Өз өрмегім»(ІІ-том), «Қызбелдің Қайсары», «Қайсар Әлім»  атты алты  кітаптың және ол туралы «Қалам киесі» деп аталатын деректі фильмнің тұсаукесері өтті.

   Ұйымдастырушылар: Қазақстан Жазушылар одағы, Алматы қаласы әкімдігі Мәдениет және архивтер басқармасы.
   Қаламгердің  «Міржақыптың оралуы. Возвращение Миржакипа» («Мектеп» баспасы, 2017 ж.) хикаят-сапарнамасының қос тілде жарық көруі – Алаш қозғалысының 100 жылдығына рухани әрі кәделі  сый болды.
   «Безінген ләйлек» («Ана тілі» баспасы, 2017 ж.) жинағына таңдамалы көркем шығармалары топтастырылған.
   «Өз өрмегім» деп аталатын күнделіктерінің қос томдығы: («Ана тілі» баспасы, 2017 ж.) біріншісі – 1964-2005; екіншісі – 2006-2017 жылдарды қамтиды.
   «Қызбелдің Қайсары» деген кітапқа («Ана тілі» баспасы, 2017 ж.) және ҚР Білім және ғылым министрлігінің сериясымен «Қайсар Әлім» («Ғылым ордасы», 2017 ж.) деп аталатын биобиблиографияға  өмірі мен шығармашылығы туралы мақалалар мен эсселер, еңбектеріне қатысты әдеби рецензиялар, мерейтойлық арнау өлеңдер, сондай-ақ ғұмырнамалық хаттар топтамасы енгізілген.
   «Қалам киесі» деректі фильмінде (режиссері Қалила Умаров) Қ.Әлімнің өмірі мен шығармашылық бейнесі,  еліміз Тәуелсіздігі жолындағы қызметіне, Алаш арыстарының арман-мүддесіне, адалдығына, отансүйгіштік ерекшеліктеріне негізделіп, жан-жақты қырынан ашылады.
   Іс-шараның модераторы филология ғылымдарының докторы, профессор Бауыржан Жақып болды.
   Іс-шараға «Ана тілі» баспасының директоры Д.Жақау; ардагер журналист Қ.Ахметов; ақын Ж.Әнесұлы; жазушы, аудармашы С.Ақтаев; ақын Ә.Қайырбеков; ғалым журналист А.Мұқатайұлы және т.б. белгілі мәдениет және өнер қайраткерлері, Қ.Әлімнің достары мен туыстары қатысып, сөз сөйледі.

     

     

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование