KZ     RU     ENG
Сәрсенбі, 12 Желтоқсан 2018



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
         12
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13141516
17181920212223
24252627282930
31
барлығы:  14347425
2018 жылы:  3410459
бүгiн:  5808
қазiр:  2
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

05.09.2018

   «Қазақстан кітаптары» оқу залында жазушысы сыншы, әдебиеттанушы Айқын Нұрқатовтың туғанына 90 жыл толуына орай «Ғалым ғибраты» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.              

                                                                                                                                          
   Айқын Нұрқатов 1928 жылы 9-шы қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысы Шұқыркөл ауылында дүниеге келген. 1950 ж. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеттің филология факультетін (қазіргі Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті), 1954 ж. аспирантурасын бітірген.
   А.Нұрқатов өзінің еңбек жолын 1950 ж. «Әдебиет және искусство» (қазіргі «Жұлдыз») журналынан бастады. 1958-1965 жж. Қазақ ССР ҒА-ның Әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкері. 1954 ж. «Маяковский және қазақ совет поэзиясы» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды, кейінен ол арнайы кітап болып басылып шықты.
   А.Нұрқатовтың  алғашқы мақалалар жинағы 1956 ж. «Жазушы» баспасынан, 1962 ж. «Идея және образ» деген мақалалар жинағы, «Мұхтар Әуезовтың творчествосы» (1957), сонымен қатар, Абай шығармаларының зерттеуінде үлкен үлес арттырған «Абайдың  ақындық дәстүрі» (1966) атты шығармалары жарық көрді.
   А.Нұрқатов белгілі тұлғалардың Ш.Уәлиханов, В. Маяковский, С. Мұқанов, Г. Мұстафиннің шығармалары туралы мұғалімдерге арналған оқу құралдарын жазып шығарды. «Қазақ әдебиет тарихы» (1961) жинағының бір тарауының және «Қазақ совет әдебиеті» оқулығының авторы. М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, И.Байзақов, Х. Ерғалиев, Ә. Тәжібаев А. Тоқмағамбетов,Т. Жароков, Ғ. Орманов, ұлы жыршы Т. Шевченко, өзбек ақыны Гафур Ғұлама және т.б. шығармашылық еңбектеріне сын  мақала жазды. А. Нұрқатов «Венгерские рассказы» және Ш. Айтматовтың «Тополек мой в красной косынке» шығармасын орыс тілінен қазақ тіліне аударған.
   А.Нұрқатов Алматы қаласында 1965 жылы қайтыс болды.
   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан автордың әр жылдарда басылып шыққан шығармалары мен ол туралы мерзімді басылымдар беттерінде жарияланған мақалалары мен естеліктері қойылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2018
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование