KZ     RU     ENG
Сейсенбі, 25 Қыркүйек 2018



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
         12
34 5 6789
10 11 12 13 14 1516
17 18 19 20 21 2223
24252627282930
барлығы:  13309874
2018 жылы:  2372908
бүгiн:  1
қазiр:  27
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

14.09.2018

   2018 жылғы 13-14 қыркүйек күндері Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында, Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу аясында «Кітапхана – қоғамның көпфункцияналды, көпдеңгейлі әлеуметтік институты» атты Бүкілқазақстандық кітапханашылар съезі өтті.

   Съезге 182  қазақстандық делегаттар, 15 шетелдік қатысушылар, оның ішінде АҚШ, Түркия, Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және т.б. мемлекеттер кітапханаларының жетекшілері мен мамандары, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, «Нұр Отан» партиясы, БҰҰ, ЮНЕСКО және басқа да үкіметтік, мемлекеттік және халықаралық ұйымдардың өкілдері, облыстық әмбебап ғылыми кітапханалардың, жоғары оқу орындары кітапханаларының мамандары қатысты.
   Бүкілқазақстандық съезд түрлі аймақтық деңгейдегі көпшілік кітапханалардың, ғылыми, техникалық, жоғары оқу орындарының және мектеп кітапханаларының мамандары, бейінді мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесіп, еліміздегі  кітапхана ісінің мәселелерін сапалы шешу, сапалы адами капиталын қалыптастыру тұжырымдамасын анықтау, республикадағы кітапхана қорын цифрландыру жолдары, ақпараттың  қолжетімділігін  заңнамалық қамтамасыз ету және басқа да өзара іс-қимылдарды талқылаған кәсіби диалог алаңына айналды.
   Съезде республикадағы кітапхана саласының болашақтағы саясатын  анықтайтын, жаңғыртатын және жаңаша серпін беретін маңызды мәселелер талқыланып, кітапхана саласын одан әрі дамыту стратегиясының негізгі басымдықтары айқындалды.
   Бүкілқазақстандық кітапханашылар съезін ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Ж.Сейдуманов ашып, ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Б.С.Әйтімова, белгілі ақын  О.Сүлейменов, «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары, төраға кеңесшісі А.Шужеева, Алматы қаласы Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Д.Әлиев., Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры Ә.Д.Дербісәлі, Ресей мемлекеттік кітапханасының бас директоры В.В.Дуда, АҚШ Конгресінің кітапханасының түрік тілдерінің маманы М.И.Назарова барша қатысушыларды Кітапханашылар съезінің ашылуымен құттықтады.
   Съезд шеңберінде: «Еліміздегі кітапхана  желісінің сапалы адами капиталды қалыптастырудағы және қоғамдық сананы жаңғыртудағы рөлі мен орны»  тақырыбындағы пленарлық отырыс, «Қазақстандағы кітапхана саласын жаңғырту және дамыту мәселелері» атты дөңгелек үстел, «Қазақстанның цифрландыру контекстіндегі кітапханалар», «Заманауи кітапханалар: дәстүр және жаңашылдық», «Тәрбие және білім беру»: кітапханалардың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудағы рөлі,  «Қалпына келтіру, консервация және түптеу қызметінің жұмыстарымен танысу», «Қазақстанның арнайы кітапханаларын сандық ортаға интеграциялау және заманауи форматта дамыту» тақырыптарындағы  секциялық кездесулер ұйымдастырылды. Сондай-ақ кітапхана саласының жетекші шетелдік  мамандарының қатысуымен «Кітапхана қорларын қалыптастыру, бірыңғай жіктеу, қазақстандық кітапханаларды каталогтау және авторитеттік файлдар» тақырыбында фокус-тренинг, шеберлік-сыныптары, тәжірибелік сабақтар, Астана және Ақмола облыстарының кітапхана қауымдастығымен мерекелік – онлайн-кездесуі өткізілді.
   Съезд аясында үздік кітапханашы мамандар марапатталып, Қазақстанның дәстүрлі әншілері Сұлушаш Нұрмағамбетова, Алма Аманжолова, Жетіген тобы, "Қуыршақ" театрының өнерпаздары және т.б. өнер көрсетті.

     

     

         

    

                                        

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2018
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование