KZ     RU     ENG
Сәрсенбі, 18 Шілде 2018



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 111213 14 15
16 171819202122
23242526272829
3031
барлығы:  12479888
2018 жылы:  1542922
бүгiн:  3380
қазiр:  102
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

04.07.2018

   Әлем әдебиеті қызметінің оқу залында ағылшын жазушысы және қоғам қайраткері Джеймс Олдридждың 100 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.  

   Джеймс Олдридж – Англияның ең қызықты және елеулі жазушыларының бірі, ағылшын сыни реализмнің үздік дәстүрлерін жалғастырушы. Олдридж шығармашылығының өзектілігі, оның тақырыптарының кеңдігі, жан-жақты өмірлік тәжірибесі шыншыл, толыққанды, ұмытылмас кейіпкерлерді жасау қабілетінің өзара үйлесуі. Оның ең үздік шығармаларының тілі ықшамдылығымен және айқындылығымен ерекшеленеді.
   Джеймс Олдридж 1918 жылы 10 шілдеде австралиялық Уайт-Хилледе дүниеге келді. Мельбурн коммерция колледжінде, кейін Лондон университетінде білім алды. Университетті бітіргеннен кейін, 1938 жылдан бастап Англияда өмір сүрді. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде журналист және әскери корреспондент болып жұмыс істеді  және  оның осы  көріністері  «Песня о Кавказе»,  «Дело чести»,  «Морской орел»,
«О многих людях» атты шығармаларында бейнеленген. Оның Эрнест Хемингуэйдің шығармаларынан алған әсерінен «Дело чести» және «Морской орёл» атты бастапқы романдары жазылды.
   1949 жылы жарық көрген «Дипломат» атты романы автордың ең танымал және сәтті романдарының бірі болды. Кітапта жоғары деңгейдегі саяси шешімдер жасайтын кеңес және ағылшын дипломаттарының жұмыстары дәл әрі тартымды көрсетілген. Кітап сыншылардың аралас пікірлеріне ие болды.
   1974 жылы «Дипломат» романының жалғасы болып табылатын «Горы и оружие»  кітабы жарық көрді. Оның беттерінен оқырман «Дипломаттың» негізгі кейіпкерлерімен кездеседі.
   1949 жылы жазылған «Охотник» романы, әдебиетте әртүрлі жанрлар мен бағыттарды араластыруға бағытталған автор  әрекетінің нәтижесі болды. Драмада Онтарио көлінің жағасында аңшылық  айналасындағы аң аулаушы канадалық аңшылар, олардың өмірлік қиындықтары мен тағдыр соқпақтары туралы баяндалады. Жазушы ұзақ уақыт Каирде тұрғандықтан, оған «Каир. Биография города» атты кітабын арнайды.
   Оның шығармалары экранда көрсетілді. 1958 жылы КСРО-да режиссер Теодор Вульфовичтің  «Последний дюйм»  атты фильмі түсірілді. 1975 жылы АҚШ-та ағылшын режиссері  Дон Чеффидің «Оседлай дикого пони» фильмі түсірілді. 1990 жылы АҚШ пен КСРО-ның көмегімен режиссер Джон Берридің «Пленник земли» фильмі түсірілді.
   1971 жылы Жетінші Мәскеу халықаралық кинофестивалінде қазылар алқасының мүшесі болды. 1972 жылы «Халықтар арасындағы бейбітшілікті нығайту үшін» Халықаралық Лениндік сыйлығының лауреаты атанды. Сол жылы Халықаралық журналистер ұйымының алтын медалімен марапатталды.
   Ол  2015 жылдың 23 ақпанында, 96 жасында Лондонда қайтыс болды.
   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан автордың түрлі жылдардағы шығармалары қазақ, орыс және әлемнің басқа тілдерінде ұсынылған.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2018
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование