KZ     RU     ENG
Жұма, 27 Сәуір 2018



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
23 4 5 6 78
9 10 11 12 13 1415
16 17 18 19 202122
23 24 25 26272829
30
барлығы:  11513958
2018 жылы:  576992
бүгiн:  1241
қазiр:  127
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

12.04.2018

                                                                              
   «Қазақстан кітаптары» қызметінің ғалымдар залында Ғылым қызметкерлерінің күніне орай еліміздегі ғылымдардың тарихы мен дамуы туралы кітаптар, Қазақстанның белгілі ғалымдары туралы әдебиеттер және ғылыми теориялық конференциялардың   материалдары  ұсынылған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 20 маусымдағы №164 Жарлығына сәйкес 12 сәуір ғылым қызметкерлерінің күні болып жарияланды.
   1946 жылы 1 маусымда  Қазақ ССР Ғылым Академиясы құрылып, республиканың бас ғылым штабы және Қазақстандағы  ғылыми-зерттеу жұмыстарының үйлестірушісі болды. Құрылған күннен бастап Ұлттық Ғылым Академиясы табиғи ресустар байлықтарын игеруде ауқымды зерттеулер жасады, еліміздің өндіріс күшінің дамуына бағалы үлес қосты, Қазақстан қоғамының экономикалық, әлеуметтік және рухани дамуының келелі мәселелерін шешті.       
   Ғылым Академиясының алғашқы президенті  болып (1946-1952, 1995-1964ж.ж) СССР және ҚазССР академигі,  көрнекті мемлекеттік қоғам қайраткері, әлемдік деңгейдегі ғалым, қазақ геологтар мектебінің негізін қалаушы, СССР және ҚазССР-нің  Лениндік және мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қаныш Имантайұлы Сәтбаев тағайындалды.
12 сәуір Қ.И.Сәтбаевтың туған күніне орай  Қазақстанның  ғылыми  қызметкерлер  күні  болып белгіленді. Соңғы  жылдары  Ғылым  Академиясының  президенті  болып  тау-кен саласының  ғалымы,  академик  Д.А. Қонаев, энергетика  саласының ғалымы,  академик Ш.Ч.Чокин,  геология саласының ғалымы, академик Ш.Есенов металургия  саласының  ғалымы,  академик А.М.Қонаев, биология саласының  ғалымы,  академик М.А.Айтхожин, математика  саласының ғалымы, академик У.М.Сұлтанғазин,  экономика  саласының  ғалымы, академик К.А.Сағадиев,  ғалым-академик Н.А.Айтхожина, ғалым-геолог, академик С.Ж.Даукенова, ғалым-химик, академик М.Ж.Журинов  тағайындалды.
   ҚР  Президентінің   2003 жылғы  Жарлығына  сәйкес  ҚР ҰҒА «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» республикалық қоғамдық бірлестік мәртебесі берілді.
   ҚР ҰҒА мүшелері  ғылымның барлық саласына іргелі  және қолданбалы  зерттеу  жүргізіп, әрі  қарай  дамуына  және жоғары    білімді  маман дайындауға лайықты үлес  қосуда.
   Соңғы уақытта  Қазақстан  ғылымы   жоғары  жетістіктерге  жетті. Физика-математика  жүйесі өндірістік  қалалардағы  ауаның  ластануы    болжамын  жасады.  Ал  медицина жүйесі  қартаю  жолдары мен адам  өмірін  ұзарту  мүмкіндігін  зерттеуде.
   Қазақстанда  ғылыми-техникалық қызметтерді атқаратын және зияткерлік өнімдер шығаратын бірегей ғылыми-зерттеу  институттары,  жоғарғы  оқу  орындары  мен  кәсіпорындарының  конструктивті-жобалау  ұйымдары жұмыс  атқаруда. Әлемдік  стандартпен  бес  ұлттық   зертхана  салынып  жұмыс атқаруда.  Бүгінде  Қазақстан  ғылымы  математика,  биотехнология,  фитохимия, нанотехнология, металлургия  және  т.б.  салада  халықтық  деңгейде   зор  нәтижелерге  жетті.  Ғылым   мемлекеттік  тұрғыдағы  қызығушылықтарды   ғана емес, заманауи әлемдік  көптеген  жаһандық   мәселелерді  шешуге  көмектеседі.
Кітап көрмесіне шақырамыз!   

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2018
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование