KZ     RU     ENG
Сейсенбі, 25 Қыркүйек 2018



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
         12
34 5 6789
10 11 12 13 14 1516
17 18 19 20 21 2223
24252627282930
барлығы:  13309855
2018 жылы:  2372889
бүгiн:  1
қазiр:  8
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

06.03.2018

   2018 жылғы 6 наурызда  Ермек Тұрсынов кинозалында Қазақ-Америка университетінің «Дара оқырман» поэзия клубы белгілі ақын, журналист Жарасқан Әбдірәштің 70 жыл мерейтойына орай «Дала, сенің ұлыңмын» поэтикалық кешін өткізді.

   Бұл іс-шара Қазақстан Республикасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мемлекеттік бағдарламасы ұранымен өтті. Іс-шараға ақын, жазушылар, қоғам қайраткерлері, ҚАУ-нің оқытушылары мен қызметкерлері, мектеп директорлары, университет пен колледж студенттері, сонымен қатар мектеп оқушылары қатысты.
   1948 жылы 7 наурызда Қызылорда облысы Арал ауданының Аманөткел ауылында дүниеге келген.
   1969 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. «Лениншіл жас» газетінің әдебиет пен өнер бөлімінде, «Жалын» альманахының поэзия және сын бөлімінде редактор, «Жұлдыз» журналының сын бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарған. 21 жасында КСРО Жазушылар одағының мүшесі болды.
   «Тамаша» ойын-сауық отауында редактор болған.
   Жарасқан Әбдірашев өзінің шығармашылық жолында қазақ тілінің нәрін жоғалтпастан, ұрпағына таза қалпында жеткізіп, өлеңдерін туған халқына, еліне, жеріне арнап жазды.

     

                                         
 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2018
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование