KZ     RU     ENG
Дүйсенбі, 19 Ақпан 2018



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
      1 2 34
56 7 8 9 1011
12 13 14 15 16 1718
19202122232425
262728
барлығы:  11167460
2018 жылы:  230494
бүгiн:  1924
қазiр:  56
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

13.02.2018

   2018 жылғы 13 ақпанда Н.Дәулетова атындағы залда көрнекті публицист, сатирик  Ғ.Қабышұлының қазақ-түрік тілдеріндегі «Көңіл көгінде» эсселер жинағының тұсаукесер рәсімі өтті. Тұсаукесер рәсімін ҚР Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары А.Хамитқызы ашып берді.

   Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы мен Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігі.
   Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, көрнекті қаламгер Ғаббас Қабышұлының «Көңіл көгінде» атты эсселер жинағы түрік тілінде жарық көрді.
   Кітап Қазақстанның Түркиядағы елшісі Абзал Сапарбекұлының қолдауымен, жазушы Якуб Омароғлы төрағалық ететін Еуразия Жазушылар қауымдастығына қарасты «Бенгу» баспасынан шығып отыр.
   Жинаққа жазушының әр жылдары жазған естеліктері, қазақ зиялы қауым өкілдері туралы жазған эссе-әңгімелері кірген.
   Кітапқа елші Абзал Сапарбекұлы мен Еуразия Жазушылар қауымдастығының төрағасы Якуб Омароғлы кіріспе сөз жазған. Сондай-ақ, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы Әзілхан Нұршайықовтың алғысөзі берілген.
   Жинақты түрік тіліне аударған Эльмира Қалжанова, редакторы түрік қаламгері Азизе Кая.
   Тұсаукесер рәсімінде Бигелді Ғабдуллин, Ахметжан Ашири, Жанарбек Әшімжан, Бейбіт Қойшыбаев және т.б зиялы қауым өкілдері сөз сөйлеп, өз құттықтауларын жеткізді.
   Қатысушылар: Түркиядағы қазақ елшілігінің өкілдері, ақын-жазушылар мен зиялы қауым өкілдері, БАҚ, ҚР Ұлттық кітапханасының қызметкерлері мен оқырмандары.
   Модератор: ақын, Жазушылар Одағының мүшесі Кәдірбек Құныпияұлы.

     

     

     

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2018
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование