KZ     RU     ENG
Дүйсенбі, 19 Ақпан 2018



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
      1 2 34
56 7 8 9 1011
12 13 14 15 16 1718
19202122232425
262728
барлығы:  11167498
2018 жылы:  230532
бүгiн:  1962
қазiр:  70
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

07.02.2018

   Әлем әдебиеті залында белгілі француз жазушысы және гуманисі, фантаст Ж.Г.Верннің 190 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Жюль Габриель Верн (1828-1905) - танымал француз жазушысы, географ,  шытырман оқиғалы әдебиеттер классигі, ғылыми фантастиканың негізін қалаушы, Француз жаратылыстану қоғамының мүшесі. Ол 1828 жылғы 8 ақпанда Нант қаласында адвокат жанұясында дүниеге келді.  Ол Парижде заңгерлік білім алды. Заңнан басқа Жюль Верн әдебиетпен де айналысып, әңгімелер мен комедиялар  жазды. 1850 жылы  оның «Сынған кішкентай сабан талдары» атты пьесасы алғаш рет қойылған.
   Жюль Верннің алғашқы «Әуе шарында бес апта» романы 1863 жылы оған үлкен табыс әкелді. Сыншылар бұл шығармадан жаңа жанрдың, яғни «ғылым туралы романның» туындауын көрді. Жазушы жағымды пікірлермен шабыттанып, ғылыми ғажайыптарға толы шытырман романдарды өмірге әкелуді жалғастырды. Ол: «Жердің ортасына саяхат» (1864), «Капитан Гаттерастың саяхаты» (1865), «Капитан Гранттың балалары» (1868) және «Он бес жасар капитан» (1878) сияқты бірінен-бірі өткен көрнекті туындыларды жазды.
   Ол өзінің шығармаларында  ғылым, өнертабыс  және қызықты оқиғалар динамикасын біріктірді. Өзінің барлық  ғұмырында ол 66 роман, 20 повесть, 30-дан астам пьеса және әңгімелер жазған. Оның шығармашылығы қияли ғылымдарға еніп, Ғаламның және біздің ғаламшарымыздың құпияларын ашты. Оның кейіпкерлері - риясыз ғалым, гуманист, кейде зорлық-зомбылық пен қанауға және ұлттық азапқа қарсы балуан. 
   1892 жылы жазушы Құрмет легионының кавалері болды. Жазушы 1905 жылы 24 наурызда қайтыс болды.Ол өмірден өткеннен кейін 20 мыңнан аса адамзат білімінің жан-жақты мәліметтері енгізілген дәптерінің картотекасы қалды. Ғылым  Ж.Верн кезеңінен көп алға жылжи түссе де, оның кітаптары мен кейіпкерлері ескірмейді.  
   Жазушының көптеген романдары экранға шықты: «Жердің ортасына саяхат», «Жерден Айға», «Капитан Гранттың балалары», «20 мың лье судың астында» «80 күн ішінде жер шарын айналу» және басқалар. ЮНЕСКО статистикасы бойынша Ж.Верннің кітаптары әлемдік аударма жағынан   екінші орынды алады және әлем халықтарының 148 тілдерінде басылып шығарылған.
   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан автордың әр жылғы кітаптары қазақ, орыс, ағылшын, француз және басқа да шет тілдерінде  ұсынылды.
   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2018
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование