KZ     RU     ENG
Дүйсенбі, 22 Қаңтар 2018



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
1234 5 67
8910 11 12 1314
1516 17 18 192021
22232425262728
293031
барлығы:  11009075
2018 жылы:  72109
бүгiн:  1435
қазiр:  116
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

28.12.2017

   Өнер бөлімінің оқу залында кескіндемеші, киносуретші, Қазақстанның халық суретшісі Айша Ғарифқызы Ғалымбаеваның (1917-2008) 100 жылдығына арналған «Бейнелеу өнерінің шебері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   А. Ғалымбаева 1917 жылы 29 қарашада Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Есік ауылында туылды. Қазақ әйелдері арасынан шыққан тұңғыш кәсіпқой суретші. 1943 ж. Алматы көркемсурет училещесін (қазіргі Көркемсурет академиясы), 1949 ж. Мәскеудегі Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография ин-тының (ВГИК) сән және көркемсурет бөлімін бітірген. Шығармашылық қызметін «Махаббат туралы аңыз» (1954), «Шабандоз қыз» (1955) және «Бұл Шұғылада болған еді» (1955) фильмдеріне эскиз жасаудан бастады. Алғашқы кескіндемелік туындылары: «Тоқмашылар» (1951), «Г. Разиеваның портреті» (1962), «Автопортрет» (1956), «Халық таланттары» (1957), «Халық ісмері Б. Бәсенованың портреті» (1958), «Дастархан» (1959). 20 ғасырдың 60-жылдары «Абай әні» кинофильмі желісіне арналған кескіндемелік шығармалар топтамасын («Билер соты», «Үйлену тойы», «Той», «Айтыс», «Кездесу» және т.б.) салды. Сондай-ақ, әр алуан жанрларда жемісті еңбек етті. 60-70-жылдар А. Ғалымбаеваның шығармашылығының кемелденген кезеңі болды. Бұл уақытта суретші «Аяққалқан», «Жайлау соқпағы», «Көне көзе», «Қобыз», «Сары алма», «Қызыл апорт» және т.б. пейзаждар мен натюрморттар және қазақ бейнелеу өнерінің алтын қорына енген «Батыр ана» (1966), «Қазақстан әндері» (1962), «Ежелгі керамика» (1966), «Қостанай. Алтын дән пирамидалары» (1971), «Бейбітшілік» триптихы (1975), «Жердің сыйы» (1978), «Береке» (1980) және т.б. шығармаларын жазды. Сәндік-монументтік сарындағы композицияларды салуда А. Ғалымбаеваның жаңа көркемдік ізденістері төмендегі шығармаларынан айқын байқалды: «Біз заманымызды мақтан етеміз» (1965), «Бір кесе қымыз» (1967). А. Ғалымбаева отандық көркемсурет өнерінде портрет жанрның шебері ретінде де белгілі. Оның «Ұлымның портреті» (1964), «Жазушы Ғ. Мұстафиннің портреті» (1965), «К. Бәйсейітованың портреті» (1974), «Актриса Х. Бөкееваның «Абай» спектакіліндегі Әйгерім рөліндегі портреті» (1976), «Оралдық келін» (1978) және т.б. А. Ғалымбаева «Қазақтың ұлттық киімдері» (1958, 1976) альбомының авторы.
   Ш. Уәлиханов қазақ мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1972). Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған.
   Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1961), Қазақтың халық суретшісі (1967).            
   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының кітаптар және мерзімді басылымдар қорынан Айша Ғалымбаеваның  өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар ұсынылған.                                    
  

   Кітап көрмесіне келіңіздер!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2018
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование