KZ     RU     ENG
Сенбі, 18 Тамыз 2018



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
   1 2 345
6789 10 1112
13 14 15 16 17 1819
20212223242526
2728293031
барлығы:  12810426
2018 жылы:  1873460
бүгiн:  3344
қазiр:  151
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

14.11.2017

   2017 жылғы 14 қарашада ҚР Ұлттық кітапханасында «Bereke» қаржы біліктілігі орталығының» салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл ҚР Ұлттық кітапханасы мен «Айгүл Әбдірайымованың қаржы біліктілігі мектебінің» бірлескен әлеуметтік білім беру жобасы.

   Жоба мақсаты – қазақстандық қоғамның адам капиталын, соның ішінде жаһандық әлемдегі Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігінің басты факторы ретіндегі халықтың қаржылық сауаттылығын ұлғайтуға бағытталған Елбасымыздың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жарлығы мен «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру болып табылады.
   Қаржы біліктілігінің орталығы негізгі міндеті – жастарға, жұмыс істеп жүрген азаматтарға, зейнеткерлер мен кіші және орта бизнес өкілдеріне қаржы саласындағы сұрақтарға тегін оқыту мен кеңес беру.  Кеңес беруі халықтың несие алуы мен басқа да қаржы істерінде қателік істемеудің алдын алуына мүмкіндік береді. Тұрақты түрде кәсіпкерлермен, жастармен, университет және мектеп ұстаздарымен кездесулер, жас отбасыларына отбасылық бюджетті басқаруы туралы мастер-класстар өткізіледі. 
   Іс-шараны Алматы қ. Әкімдігі Мәдениет басқармасының төраға орынбасары Д.Алиев, ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Ж.Т.Сейдуманов, «Қаржы біліктілігі мектебінің» директоры А.Д.Абдраимова ашты.
   Іс-шара аясында Алматы қ. ҰКП «Атамекен», АҚ «Біріктірілген жинақтаушы зейнетақы қоры», банктер, қаржылық биржалар және т.б. басшыларының қатысуымен қаржы біліктілігінің негіздері бойынша сессия өткізілді.
   Сөз сөйлегендер: «Нұр Отан» Партиясының АҚБ төрағасының бірінші орынбасары Ж.К.Омарбекова, АҚ «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің» Алматы қалалық бөлімшесінің директор орынбасары С.Р.Джурунова және т.б.
   Кеш модераторы белгілі блогер Рашев Ержан болды.
   

     

                                            

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2018
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование