KZ     RU     ENG
Сәрсенбі, 18 Шілде 2018



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 111213 14 15
16 171819202122
23242526272829
3031
барлығы:  12479931
2018 жылы:  1542965
бүгiн:  3423
қазiр:  135
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

02.11.2017

   Әлем әдебиеті залында түрік жазушысы және ақыны Юсуф Нәбидің 375 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Юсуф Нәби –  түрік жазушысы және ақыны. Ол 1642 жылғы  10 сәуірде  Урфа қаласында кедей отбасында дүниеге келді.  1666 жылға дейін Шанлиурфа шет аймағында тұрып, кейін Стамбул қаласына көшіп, үкіметтік қызметте жұмыс жасады. Әскери жорыққа қатысты. Кейінірек 25 жылдай Алеппо (қазіргі Сирия) қаласында тұрды. Ақын шығармаларының көп бөлігі осы қалада туындады. Ол араб, түрік және парсы тілдерінде жазды. Ақын тамаша газелдердің,  поэманың, прозалық шығармалардың және жолжазба очерктердің шебері. Оның шығармашылық мұрасына лирикалық өлеңдер дивандары (1841 ж.), жолжазба очеркі «Тухфет-уль-Харемейн» (1682, 849 жж. басылған), поэмалары кіреді.   Оның шығармаларынан заманның ең маңызды оқиғаларын бейнелегені көрінеді. Ендеше, «Fethname-i Kamenice» трактатында Осман  империясы әскерлерінің Каменец қамалын алғанын суреттеді. Балтаджи Мехмед-паша Осман империясының ұлы уәзірі болған кезде, ол Стамбулға оралды. Жазушы 1712 жылы қайтыс болды.
   Ұлына арналған дидактикалық поэмасы «Хайрийеде» (1701, 1889 жж. басылған)   ақын өзінің  этикалық және философиялық көзқарастарын баяндап, исламның  ақиқатты қағидалары негізінде, әлеуметтік басшылардың мағынасыз екіжүзділігін әшкереледі.
   Кітап көрмесіне ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Юсуф Нәбидің қазақ, орыс және әлемнің басқа да тілдеріндегі шығармалары қойылды.

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2018
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование