KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қазан 2017



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2 3 4 5 6 78
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 202122
23242526272829
3031
барлығы:  10674556
2017 жылы:  1832160
бүгiн:  2209
қазiр:  44
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

10.10.2017

   2017 жылғы 10 қазанда Е. Тұрсынов атындағы кинозалда «Ұста» деректі фильмінің тұсаукесері өтті.

   Фильм қазақ өнерінің, оның ішінде қолөнері мен мәдениет саласына көп жылдар еңбек етіп, талай шәкірт тәрбиелеп, халық өнерінің патриархы атанған  Дәркембай Шоқпарұлының шығармашылығына арналған.

   Дәркембай Шоқпарұлы 1946 жылы 23 мамырда Ақши ауылында дүниеге келген. Әкесі Шоқпардан ұсталық өнері дарыған, қолөнер бұйымдарын жасап қана қоймай, оны жинап, коллекция жинаушы және ақын, жазушы, этнограф атанған.  1972 жылы Қазақ педагогикалық университетін бітірген. 1972–1982 жылы Алматы қаласындағы Республикалық қолөнер мұражайында, “Қазреставрация” бірлестігінде бас суретші-реставратор ретінде қызмет атқарды. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының доценті, «Металл мен ағаш өңдеу» кафедрасының меңгерушісі. 1996 жылы жастарға қолданбалы өнерді оқыту мақсатында «Асыл» шебер мектебін ашты. 2010 жылы Дәркембай Шоқпарұлының кіндік қаны тамған жері, Еңбекшіқазақ ауданындағы Ақши ауылында қолөнер мен мәдениетті насихаттау мақсатында «Ұста Дәркембай атындағы қолөнер мұражайы» ашылды. 
   «Ұста» деректі фильмі Қазақстан Республикасының Мәдениет және Спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген. Сценарий авторы және режиссері Мирғалым Есіркепов, қоюшы операторы Александр Богачев, композиторы Асель Омарова.
   Әйгілі ұста, ақынның кітаптарын Дәркембай Шоқпарұлының жақындары ҚР Ұлттық кітапханасына тарту етті. 
   Сөз сөйлегендер: ҚазҰПУ қарасты Педагогика және психология институтының директоры Б. Әлмұхамбетов, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Ә.Сәрсенбаев және т.б.

 


« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2017
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование