KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қазан 2017



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2 3 4 5 6 78
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 202122
23242526272829
3031
барлығы:  10674539
2017 жылы:  1832143
бүгiн:  2192
қазiр:  29
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

06.10.2017

   Әлем әдебиеті қызметінің оқу залында ресейлік ақын, прозашы және драматург Марина Ивановна Цветаеваның 125 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Марина Ивановна Цветаева 1892 жылдың 8 қазанында (26 қыркүйек) Мәскеуде дүниеге келген.
   1910 жылы гимназияда жүріп, өзінің жеке қаражатына мектептегі еңбектері енген және М. Волошиннің, В. Брюсовтың, Н. Гумилевтің жылы лебіздерін алған алғашқы «Вечерний альбом» атты өлеңдер кітабын басып шығарды. Осы жылы ол өзінің бірінші «Волшебство в стихах Брюсова» атты сыни  мақаласын жазды.  «Волшебный фонарь» (1912), «Из двух книг» (1913) атты алғашқы кітаптары импрессионистік поэтика мен өмірбаяндық бағытты біріктірген лирикалық күнделіктің үлгісі ретінде көрсетілген.
   Шығармашылығының бастапқы кездерінде-ақ ол өзінің негізгі тақырыбын дамытты: Ресей тақырыбы (Цикл «Стихи о Москве»); ақындық, поэзия тақырыбы және ондағы өзіндік орны (циклы «Стихи к Блоку», «Ахматовой»). Махаббат туралы лирикасында ол барлық өзгешеліктер мен түстерді, осы құбылмалы сезімдердің белгілерін сақтап, нәзік және бір уақытта құрбандықты жоюға ие болу, «кездеспеулер» мен туыс жандардан шеттелу сарындарын көрсетуге тырысты. 1913-1915 жж. поэзияларында өмірлік нақтылық пен шынайылыққа өту кезеңі сезіледі.
   1914-1918 жж. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезеңіндегі лирикасында ақында орыс ауыз әдебиеті сарыны, қалалық романстар белгілері, частушкалар («Царь девица» (1920), «Егорушка» (1920-1921), «Молодец» (1922), «Переулочки» (1922), «Версты» (1921) және т.б.  пайда болды.
   «Лебединый стан» өлеңдер жинағы оның 1918-1920 жылдардағы Азаматтық соғыс оқиғаларына, тарихи контекстегі төңкерісті ұғынуға әрекет етуіне, төңкеріс оқиғаларының көзін тауып және олардың әрі қарай дамуын түсінуіне үн қосу болды. 1918-1919 жж. М.Цветаева «Черный валет», «Метель», «Приключение», «Фортель» атты романтикалық пьесаларын жарыққа шығарды. Берлиндік-чехтық қоныс аудару кезеңінде «Ремесло. Книга стихов» (1923) және «Психея. Романтика» (1923) кітаптары жарыққа шықты. Сол уақыттың лирикасында отан, махаббат тақырыптары жырланды. Константин Родзевичке арналған «Поэма горы» және «Поэма конца» (1924) атты поэмалары құрастырылды.
   Парижде 1928 жылы ақынның көзі тірісіндегі 1922-1925 жылдардағы өлеңдерін қамтитын «После России» соңғы жинағы шықты. Осы мезгілде «Мой Пушкин» (1937), «Мать и музыка» (1935), «Дом у Старого Пимена» (1934), «Повесть о Сонечке» (1938), Максимилиан Волошин туралы («Живое о живом»,1933), Михаил Кузмин туралы («Нездешний вечер», 1936), Андрей Белый туралы («Пленный дух», 1934) және т.б. естеліктері басылып шықты. Ол 1939 жылы Ресейге қайтып оралды. Елден жырақта жүріп, өмірдің ауыр жағдайларының ықпалымен өзіне өзі қол салды. Өмірдің поэмалары аяқталмайды. Оны басқалар жалғастырады. Марина Цветаеваның да поэмасы аяқталған жоқ. Жәй қайғылы жоғарғы нотада үзілді, мәңгілікке үзілді.

   Кітап көрмесіне ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан М. Цветаеваның орыс, қазақ және әлемнің басқа да тілдеріндегі шығармалары қойылды.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2017
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование