KZ     RU     ENG
Дүйсенбі, 18 Желтоқсан 2017



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
       123
4 5 6 7 8 9 10
1112 13 14 15 1617
18192021222324
25262728293031
барлығы:  10889316
2017 жылы:  2046920
бүгiн:  2958
қазiр:  77
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

04.10.2017

   2017 жылғы 4 қазанда Н.Дәулетова атындағы залда Алматы қаласы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Қайым Мұхамедханов атындағы Білім және мәдениет» қоғамдық қоры ҚР Ұлттық кітапханасымен бірлесе отырып «Алашордалықтар және олардың халыққа қызметі» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

   Конференцияға қатысушылары Алаш қозғалысының көсемдері мен қайраткерлері - Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Әлімхан Ермеков, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Халел Досмұхамедов, Мұхамеджан Тынышбаев, Халлел Ғаббасов, Отыншы Әлжанов, Мұхамедхан Сейтқұлов және т.б. ұлтына қызмет ету үлгісін негізге ала отырып бүгінгі қоғамның рухани жаңғыру мәселесін қарастырды.
   «Алаш» қозғалысының көсемі және «Алаш Орда» Үкіметінің төрағасы Әлихан Бөкейхан соңынан ерген мыңдаған шәкірттерін тәрбиеледі. Алашордалықтардың ойлары мен іс-әрекеті бүгінде тәуелсіз Қазақстанның мүддесіне қызмет етуде. Олардың рухани-адамгершілік болмысы, туған жері мен халқына деген сүйіспеншілігі мемлекетіміздің территориялық тұтастығын, мәдениеті мен тілін сақтап,  демократиялық сайлаудың, әскердің, милицияның, әділ соттың негізін қалады.
   Конференцияда «Алаш ұлағаты» кітабының тусаукесері өтті. Кітапта Алаш көсемдері мен қайраткерлерінің түйінді ойлары - мемлекет, тіл, дін, мәдениет, жер, тәрбие және т.б. тақырыптық принцип бойынша әзірленген.
   Конференцияға қатысушылары ШҚО және Семей қаласының тарихи-өлкетану мұрағаттарынан, ҚР Орталық музейінен және Қайым Мұхамедхановтың жеке архивінен алынған алашордашылардың өмірі мен қызыметінен сыр шертетін құжаттар мен фотоматериалдар көрмесімен танысты.
   Модератор: Астана қаласының Ә.Марғұлан атындағы № 40 орта мепктебінің директоры Ербол Іргебаев.
   Қатысушылар: алашордалықтардың ұрпағы, ғалымдар, тарихшылар, саясаттанушылар, қоғам қайраткерлері мен жастар қатысады.
   Сөз сөйлегендер: Қ. Мұхамедханов атындағы Білім және мәдениет орталығының директоры, PhD доктор Дина Мұхамедхан, Семей қ., Шәкәрім университетінің профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Исин Амантай, ҚР Білім және ғылым Министрлігі Өнер және әдебиет институтының бас ғылыми қызметкері Айгүл Ісмақова, А. Байтұрсынұлы мұражай-үйінің директоры Райхан Имаханбетова, ғалым, филология ғылымының кандидаты Диар Қонаев, Ахмет Байтұрсыновтың немересі Айман Байсалова және т.б.

  

  

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2017
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование