KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қазан 2017



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2 3 4 5 6 78
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 202122
23242526272829
3031
барлығы:  10674548
2017 жылы:  1832152
бүгiн:  2201
қазiр:  36
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

20.09.2017

   «Қазақстан кітаптары» қызметінің оқу залында Еңбек күніне орай «Еңбек −  ырыстың қазығы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.                                                    
   Қыркүйек айының соңғы жексенбісінде Қазақстанда Еңбек күні аталып өтеді. 2013 жылдың қарашасында Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Еңбек күнін бекіткен еді.
   Мерекенің басты мақсаты – еңбек адамының қоғамдағы беделін арттыру, өнімді жұмысқа ынталандыру, жастар арасында кәсіптік мамандықтарды насихаттау және жұмыс істейтін әулеттердің көпжылдық дәстүрлерін нығайту.
   Әр түрлі мамандықтардың үздік өкілдері әртүрлі салалардың қызметкерлерін және зейнеткерлік жасқа жеткен, сондай-ақ еңбектегі ең жоғары нәтижелерге қол жеткізген адамдарға арналған ведомстволық награда болып табылатын «Еңбек ардагері» медалімен марапатталады.
   Еңбек күнін барлық салалардың қызметкерлері: тау-кен металлургиялық кешені, теміржол көлігі, көмір өнеркәсібі, мұнай-газ кешені, машина жасау, білім, денсаулық сақтау, химия өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, құрылыс, электр энергетикасы, банк мекемелері және т.б. атап өтеді.
   Іс-шара аясында еңбек ардагерлері мен ерекше еңбек сіңірген қызметкерлерге медальдар табысталады, шығармашылық ұжымдардың қатысуымен мерекелік концерт, спорттық жарыстар өткізіледі. Мұның бәрі ұжымдағы корпоративтік рухты нығайтуға бағытталған.
   Кітап көрмесінде Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының қорынан еңбек туралы Заңнамалары бойынша анықтамалар, кодекстер, түрлі кәсіптер, еңбек ардагерлері туралы және т.б. материалдар ұсынылған.

Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2017
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование