KZ     RU     ENG
Дүйсенбі, 18 Желтоқсан 2017



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
       123
4 5 6 7 8 9 10
1112 13 14 15 1617
18192021222324
25262728293031
барлығы:  10889361
2017 жылы:  2046965
бүгiн:  3003
қазiр:  70
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

15.09.2017

   «Қазақстан кітаптары» қызметінің оқу залында Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Тіл - достық пен келісімнің белгісі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі біздің елімізде тұратын барлық азаматтардың туыстығы мен бірлігінің, достығының белгісі. Тіл саясаты республика аумағында тұрып жатқан бүкіл этностардың мәдени мұраларын дамытуға бағытталған.
   1998 жылдың 20 қаңтарындағы Республика Президенті Н. Назарбаевтың Жарлығымен  ана тілін, өз елін құрметтеу және сүю, түрлі ұлттардың тілдері мен дәстүрлері, білімдерін кеңейту мақсатында 22 қыркүйек Қазақстан халқы тілдері күні деп жарияланды.                                          
   Қазақстанда 130-дан астам ұлттар тұрады, олардың әрқайсысының өзіндік қайталанбас тарихы, мәдениеті, әдеп-ғұрпы бар. Елімізде ұлттық мәдени орталықтар, кәріс, неміс, поляк, татар, түрік, ұйғыр және т.б. тілдердегі мектептер мен сыныптар  белсенді қызмет етуде. Республиканың түрлі аймақтарында мерзімді басылымдар, теле-радио хабарлар ұлттық тілде шығарылады.
   Жыл сайын Казақстан халқы тілдері күніне орай халықтар арасында ұлтаралық келісімді бейнелейтін мерекелік фестивальдар, концерттер, ғылыми конференциялар мен дөңгелек үстелдер, тіл біліміне қатысты байқаулар, мәнерлеп оқулар тек Қазақстан халқының тілдерінде ғана емес, сонымен қатар әлем халықтары тілдерінде де ұйымдастырылады. Өйткені, Қазақстан басқа да халықтарға және әртүрлі елдерге үлгі бола отырып, жоғары деңгейде толеранттық және конфессияаралық келісімге қызығушылық тудырып отыр.

   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан анықтамалық және оқу әдебиеттері, Қазақстан халқы тілдерін зерделеу және жүйелеу, республикадағы тілдердің қызмет ету құқықтық негізідері бойынша оқу құралдары ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2017
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование