KZ     RU     ENG
Сәрсенбі, 22 Қараша 2017



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
   1 2 3 45
67 8 9 10 1112
13 14 15 16 17 1819
20 212223242526
27282930
барлығы:  10784112
2017 жылы:  1941716
бүгiн:  876
қазiр:  19
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

14.09.2017

   2017 жылдың 14 қыркүйекте Н.Дәулетова атындағы залда белгілі жазушы, саяхатшы Исмаилжан Иминовтың 2016 жылдың жаз айында Қазақстан ұлттық географиялық қоғамы  және Қазақстан Республикасы дирекциясының Халықаралық Аралды құтқару қорының  ғылыми-танымдық Qazaq Geography «Ұлытау-Арал» экспедициясының шешімі бойынша шыққан «Арал: в поисках потерянного моря» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

   Бұл туындыда арал тұрғындарының тағдыры және олардың туған жерге деген махаббаты, тарихи және мәдени ескерткіштері, кеуіп кеткен теңіздегі қараусыз қалған кемелердің қалдықтары мен Барсакелмес аралы жайлы айтылған.

   Бұл кітаптың құпиясы неде? Біз кітаптың жанрында деп ойлаймыз. Бұл саяхатты жазбалар зерттеу жұмыстарынан және лирикалық шегіністерден тұрады.  Кітап бір деммен оңай оқылады. Мұның бәрі автордың туған жеріне деген махаббатынан, талантынан және көп уақыт еңбектенгенінің нәтижесінен: бұл кітапты жазбас бұрын бүкіл жерді аралап шығып қана қоймай, көптеген ғылыми еңбектермен танысты және Аралдың мәселелерімен айналысатын ғалымдармен кездесті.

   Кітаптың авторы Исмаилжан Иминов 1959 жылдың 12 маусымында Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылында дүниеге келген. 1983 жылы ҚазҰУ-нің филиология факультетін аяқтап, өзінің туған жеріндегі мектепте мұғалімдік және орынбасарлық қызметін атқарды. Көп жылдар бойы №1 Қарғалы орта мектебінің директоры болып жұмыс жасады. Автор 2009 жылы 50 жасына келгенде әңгімелер, жолдық жазбалар, очерктер, эсселер, ертегілер, публицистикалық және ғылыми-танымдық мақалалар жазды. Қазақстан мен Ресейдің БАҚ-да белсенділік танытты. 2014 жылы «По караванному пути Ч.Валиханова» экспедициясына ғылыми жетекші болды.

   Сонымен қатар, Исмаилжан Иминов «Моя Кашгария» (2014 ж.), «Родники моего детства» (2014 ж.), «По караванному пути великого Чокана» (2015 ж.), «Путешествие по Алтышару» (2016 ж.) еңбектерінің авторы. Оның кітаптары қазақ, ұйғыр және ағылшын тілдеріне аударылған. 
   Іс-шара модераторы – Аралды құтқару қорының директоры Болат Бекнияз.

  

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2017
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование