KZ     RU     ENG
Дүйсенбі, 18 Желтоқсан 2017



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
       123
4 5 6 7 8 9 10
1112 13 14 15 1617
18192021222324
25262728293031
барлығы:  10889342
2017 жылы:  2046946
бүгiн:  2984
қазiр:  69
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

10.08.2017

   «Өнер» бөлімінің оқу залында ғалым, музыкатанушы, қазақтың ұлттық музыка аспаптарын жинаушы әрі сол аспаптарда орындаушы, педагог Болат Шамғалиұлы Сарыбаевтың (1927-1984) 90 жылдығына арналған «Музыка майталманы» атты кітап көрме-сі ұйымдастырылды.

   Б.Сарыбаев 1927 жылы 14 тамызда Ташкент қаласында дүниеге келген. 1950 жылы Алматы консерваториясын (қазіргі Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік консерваториясы) Ж. Каламбаева мен Л.Я. Адельман сыныбы бойынща бітірген. 1944-1949 жылдары Қазақ радиокомитеті  халық аспаптар, 1949-1960 жылдары Құрманғазы атындағы қазақ академиялық халық аспаптар оркестрлерінің әртісі болды. 1951 жылдан Алматы консерваториясында ұстаздық (1972 жылдан доцент), 1969-1971 жылдан Алматы Орталық жобалау конструкторлық технологиялық бюросында Мұражай эксперименталдық зертханасында ғылыми жетекші қызметтерін атқарды. 1969-1972 жылдары № 46 Алматы кәсіптік-техникалық училищесінде музыка шеберлерін дайындау тобына ұстаз болды. «Шертер» (1974), «Ғасырлар пернесі» (1975), «Отырар сазы» (1980) фольклорлық ансамблдерін ұйымдастырды.
   Ғылыми зерттеудегі негізгі тақырыбы – қазақтың көне музыкалық аспаптары     (сыбызғы, сазсырнай, жетіген, үскірік, шертер, шаңқобыз, дабыл, даңғыра және т. б.) «Қазақтың музыкалық аспаптары» (қазақ және орыс тілдерінде, 1978, 1981) кітабының авторы. Музыка аспабын жасаушы шебер О. Бейсенбаевпен бірге көптеген ұмыт қалған музыкалық аспаптардың түрлерін жасап, жетілдірді. Екі жүз елуден астам музыка аспаптарын жинақтап, өзінің үйінде мұражай ретінде сақтады. Атақты күйші Дина Нұрпейісова өз домбырасын сыйға тартып, бата беруі жас музыканттың мұражай ашуына себепкер болды.
   Жазусыз мәдениет жағдайында музыкалық аспап – қазақтардың музыкалық өнері туралы құнды құжат, ең сенімді, көрнекті, бұлтартпайтын дәлел ақпарат, көшпенділердің тарихи қалыптасуының және көркем ойлау дамуының, әр түрлі шығыс халықтары мен мәдениеттерінің өзара байланыстары мен әрекеттестігінің куәгері екендігін Б. Сарыбаевтың мұражайы, сонымен қатар оның кітаптары анық дәлелдейді,
   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының күйтабақтар, кітаптар, ноталар және мерзімді басылымдар қорынан Болат Сарыбаевтың  өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар ұсынылған. 
  

Кітап көрмесіне келіңіздер!

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2017
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование