KZ     RU     ENG
Дүйсенбі, 18 Желтоқсан 2017



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
       123
4 5 6 7 8 9 10
1112 13 14 15 1617
18192021222324
25262728293031
барлығы:  10889327
2017 жылы:  2046931
бүгiн:  2969
қазiр:  74
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

25.07.2017

   2017 жылғы 24 шілдеде ҚР Ұлттық кітапханасының  директоры  Ж. Сейдуманов Пәкістан Ислам Республикасының Қазақстандағы  төтенше және өкілетті Елшісі – Абдул Салик Хан мырзаны қабылдады.

   Қадірлі қонақты Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары Б.Оспанова мен әлем әдебиеті қызмет жетекшісі С.Тұяқова қарсы алды.
   Абдул Салик Хан мырза ҚР Ұлттық кітапханасының қызметіндегі заманауи тәсілді, оқырмандарға қызмет көрсетуді, бай кітап топтамалары мен кітапхана ұжымының жұмыстарына ризашылығын білдірді. Кездесу аясында мәдени ынтымақтастық, Пәкістан Кітап бұрышының қызметін жандандыру мәселелері қозғалып, алдағы жоспарланған жұмыстар талқыланды.
   Пәкістан Ислам Республикасының Қазақстандағы  төтенше және өкілетті Елшілігінің атынан Абдул Салик Хан мырза кітапханаға заманауи компьютер сыйға тартты.
   Кездесу барысында ҚР Ұлттық кітапханасы мен  Пәкістан Ислам Республикасының Қазақстандағы Елшілігі арасында одан әрі ынтымақтастық жасау туралы ұсыныстар айтылды.

    

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2017
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование