KZ     RU     ENG
Сейсенбі, 21 Қараша 2017



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
   1 2 3 45
67 8 9 10 1112
13 14 15 16 17 1819
20 212223242526
27282930
барлығы:  10781020
2017 жылы:  1938624
бүгiн:  995
қазiр:  150
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

12.07.2017

   Мерзімді басылымдар қызметінің оқу залында Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетінің 100-жылдық мерейтойына арналған көрме ұйымдастырылды.

   «Арқа ажары» Ақмола облыстық газеті, 1917 жылғы сәуірден «Тіршілік» атауымен жарық көрді. Газеттің идеялық жетекшісі және негізгі авторы С. Сейфуллин болды. “Тіршілік” бұқараны кеңес үкіметі үшін күреске жұмылдыруда үлкен рөл атқарды. Саяси бостандық, ұлт мәселелері жөнінде еңбекші халық арасында революциялық үгіт-насихат жүргізді.
   1928 жылы «Тіршілік» газетінің атауы «Жаңа Арқа» болып өзгертілді. Оған губерниялық комитеттің ұйғарымымен Ә. Айсарин редактор болып тағайындалды.
   Осы «Жаңа Арқадан» бастап Ақмола атырабындағы оқырмандарына жол тартқан газет шығару ісі біршама тұрақтанған десе болады. Олай дейтініміз, 1933 жылдың қаңтар айынан «Жаңа Арқа» атауы «Колхоз екпіндісі» деп өзгертіліп, газет қазақ және орыс тілдерінде шығарыла бастады. Сол кездегі қоғамдық, саяси-әлеуметтік, мәдени тірліктің хабаршысы саналған бұл газеттің тізгінін редактор ретінде әр жылдарды М. Мейірманов, Қ.Сүлейменов, З.Темірбеков, А.Жанкин сынды баспа ісінің майталмандары қолға алған.
   1939 жылдың 24 қарашасында «Колхоз екпіндісі» жаңа «Сталин туы» атауымен алғашқы санын жарыққа шығарды. Ол 1941 жылдың маусым айына дейін латын әрпімен басылды, облыстық газеттің алғашқы редакторы қазақ журналистикасының сол кездегі тұңғыш мамандарының бірі саналған Ә. Айзахметов болды. Ұлы Отан соғысы жылдарында бұл газет елді ұйыстыру, халықты ерлік еңбекке жігерлендіру, майдан мен тылдың байланысын орнықтыру сияқты қат-қабат істерді үздіксіз жариялап отырды. Партияның ХХ съезінің тарихи шешіміне байланысты «Сталин туы» атауы 1957 жылдан бастап «Есіл правдасы» атанды. Бұл тұста С.Сейітов, Г.Сәрсенбин редакторлық қызметтер атқарды.
   КСРО-ның 1961 жылғы 17 қаңтарда өткізген кезекті Пленумында, Қазақстанның солтүстік аймағындағы бес облыстың басын біріктіріп, «Тың өлкесін» құру туралы ұйғарымы жасалды. Сол жылы қаңтар айының соңынан «Есіл правдасы» газеті «Тың өлкесі» атауымен шыға бастады. «Орыстандыру» саясаты белең алып тұрған осы тұста бес облысты қамтыған «Тың өлкесі» газеті қазақи рухты сақтап қалды.
   Өлке тарағаннан кейін, 1965 жылдан бастап «Тың өлкесінің» орнын табаны күректей 26 жыл бойы облыстық басылым «Коммунизм нұры» газеті басты. 1978 жылдың 28 желтоқсанында «Коммунизм нұры» газеті Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды.
   Көрмеден «Арқа ажары» газетінің тарихы мен әр кезеңдерде газет басында қызмет еткен тілшілер жайында мерзімді басылым беттерінде жарық көрген материалдарды таба аласыздар. Мақалалар ҚР Ұлттық кітапханасының архивтік қорынан алынды.

   Көрмеге шақырамыз!

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2017
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование