KZ     RU     ENG
Дүйсенбі, 25 Қыркүйек 2017



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
       123
4 5 67 8 910
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21222324
252627282930
барлығы:  10568803
2017 жылы:  1726407
бүгiн:  1166
қазiр:  85
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

04.07.2017

   2017 жылғы 4 шілдеде Н.Дәулетова залында Алматы қ. әкім аппаратының КМУ «Қоғамдық келісім» ұйымдастырған, Астана күнінің 20 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті.

   Дөңгелек үстелде Қазақстан астанасының дамуы талқыланды, 20 жылда Астана аумағы 3 есеге асты. Бұндай кең ауқымды құрылыс жаңа ғасырда әлемнің ешбір елінде болған жоқ, әлемнің жетекші сәулетшілерінің өнер туындылары – ғажайып пішінді ғимараттар салынған.
   Астана тың елінен, провинциалдық қалашықтан Қазақстанның «жүрегіне», қаржы және мәдениет орталығына айналып, сонымен қатар миллиондаған адамдардың панасы болды.
   Дөңгелек үстел аясында ҚР Ұлттық кітапхана қорынан «Менің Қазақстаным – Мой Казахстан», «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты көрмелер ұйымдастырылды, сонымен қатар Қазақстан астанасы – Астана қаласы туралы жарқын көрнекі альбомдар, қала тарихы, Алматыдан Ақмолаға астананы ауыстыру туралы материалдар үш тілде ұсынылған «Астана – Қазақстанның жүрегі. Астана - сердце Казахстана. Astana – the heart of Kazakhstan» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
   Алматы қ. этномәдениет одақтарының басшылары К.Мамсұров және С.Космериди өз пікірлерімен алмасты.
   Модератор: Алматы қ. әкім аппаратының КМУ «Қоғамдық келісім» директоры – Мұрынова Жанат.
   Қатысушылар: Алматы қ. Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығының төрағасы Н.Балғынбаев, ЭКҰ активі мен басшылары, ғылыми-сараптамалық топ мүшелері, Аналар кеңесі мен Алматы қ. ҚХА Қоғам келісімі кеңесінің мүшелері, Алматы қ. шығармашылық интеллигенция өкілдері, Т.Жүргенов атындағы ҚазҰАУ профессорлық-ұстаздық құрамы, жастар.
   Сөз сөйлегендер: Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының ҚХА кафедрасының басшы орынбасары - Б.Батталханов, Абай атындағы ҚазҰПУ педагогика кафедрасының байланысты профессоры - Г.Саудабаева, Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА профессоры - М.Шаймерденова, Қазақстан корейлерінің жастар қозғалысының төрағасы - И.Ли және басқалары.

  

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2017
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование