KZ     RU     ENG
Сенбі, 21 Қазан 2017



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2 3 4 5 6 78
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 202122
23242526272829
3031
барлығы:  10674585
2017 жылы:  1832189
бүгiн:  2238
қазiр:  54
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

16.06.2017

   2017 жылғы 15 маусымда Алматы қ. Достық үйінде қазақтың белгілі жазушысы, публицист, педагог М.Жұмабаевтың 124 жылдығына орай «Ұлттық-тарихи контексттегі ақын тұлғасы» атты дөңгелек үстел аясында «Мағжан әлемі. Планета по имени Магжан» атты көшпелі кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Мағжан Жұмабаев − белгілі қазақ жазушысы, публицист, педагог, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы. 1893 жылы 25 маусымда Ақмола губерниясына қарасты Петропавл уездіндегі Полудин болысында дүниеге келген (қазіргі М. Жұмабаев ауданы Солтүстік-Қазақстан облысы).
   1905-1910 ж. аралығында Петропавл қаласындағы мешітте сауатын ашты. Мешітте шығыс халықтарының тарихын зерделеп, араб, парыс, түрік тілдерінде оқыды. Оның шығармашылық жолы 1909 жылы басталды. 1912 жылы Қазан қаласында «Шолпан» атты жинағы кеңінен танылды. Бұл кезде Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығына ықпал еткен қазақтың белгілі қайраткерлері: Б.Майлин, С.Сейфуллин, М.Дулатов, Г.Потанин. Орыс классикалық мектебінің ықпалынан ол үлкен тарихшы, түркітанушы,  лингвист,  педагог, қазақ тілі мен әдебиеті оқулықтарының және «Педагогика» кітабының авторы болды. 1929 жылы 10 жыл бас бостандығынан айырылады. 1935 жылы лагерьде жүріп, мерзімінен бұрын босатылуы үшін М. Горькийге хат жазып, көмек сұрайды. 1937 жылдың желтоқсан айында қайта ұсталып, тұтқындалады. 1938 жылы 19 наурызда «халық жауы» деп атылады. 1960 жылы 8 шілдеде толығымен ақталады.

   ҚР Ұлттық кітапханасының кітап қорынан «Мағжан әлемі. Планета по имени Магжан» атты көшпелі кітап көрмесіне 100-ден астам қазақ, орыс, татар тілдерінде ақынның өлеңдері мен шығармалары және ол туралы мақалалар қойылды. Қонақтарды кітап көрмесімен «Қазақстан кітаптары» қызметінің жетекшісі М. Жаркналова таныстырды.

  

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2017
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование