KZ     RU     ENG
Сейсенбі, 21 Қараша 2017



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
   1 2 3 45
67 8 9 10 1112
13 14 15 16 17 1819
20 212223242526
27282930
барлығы:  10780999
2017 жылы:  1938603
бүгiн:  974
қазiр:  131
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

17.05.2017

   2017 жылғы 17 мамырда Н.Дәулетова залында «Нұр Отан» партиясы Саяси талдау және стратегиялық зерттеулер орталығы (СТСЗО) негізгі тақырыбы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғырту» бағдарламалық мақаласын талқылауға арналған «Жастар – Қазақстанның бәсекелі әлеуеті» жастар конвентін өткізді.
   Конвенттің спикерлері ретінде жас ғалымдар және «Жас Отан» ЖҚ, ҚазАльянс, «Болашақ» стипендиаттарының қауымдастығы, Қазақстан жастар конгресі, «Қазақстан студенттерінің Альянсы» республикалық жастар қозғалысы, Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры және басқа да жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.
   Диалогтық алаңның шегінде Президент мақаласында көрсетілген бағдарламалық нұсқауларды жүзеге асыруға бағытталған шаралар, сонымен қатар, Қазақстан дамуының ресурсы және адам капиталының элементі ретіндегі жастар рөлін анықтау өзекті мәселелері қарастырылды.
   Жиналған қауымның алдындағы алғы сөзінде «Нұр Отан» партиясы СТСЗО директоры Юлия Кучинская, Президент Н. Назарбаевтың мақаласы ең алдымен жас қауымға арналғандықтан, бағдарламалық құжаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыруда жастар көшбасшылық рөлді иеленуі қажет екендігін атап өтті.
   Сонымен қатар, өткен жылы «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бастамасымен, партия халықтың әлеуметтік қорғалатын тобынан шығармашыл, болашағы зор жастарды қолдауға бағытталған «Нұр Арман» арнайы жобасын іске қосты. Қайырымдылық білім гранттары 9 стипендиаттарға тағайындалды. Бүгін олар Ұлыбритания, Қытай, Малайзия және Ресей елдерінде бакалавриат бағдарламасы бойынша білім алуда.
   Сарапшылық талқылаудың қорытындылары бойынша баяндамалар негізінде қатысушылармен сарапшылық ұсыныстар берілді.
   Іс-шараны ашқан: «Нұр Отан» партиясы Саяси талдау және стратегиялық зерттеулер орталығының директоры Ю.Кучинская.
   Сөз сөйлегендер: «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Қ.Табеев, Алматы қаласының Жастар саясатының дамыту мемлекеттік қорының директоры А. Ауғанбаева, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері Б.Бурханов, философия, саясаттану және дінтану институтының ғылыми қызметкерлері Н.Айтымбетов және М.Бектенова, «Нұр Отан» партиясы Саяси талдау және стратегиялық зерттеулер орталығының сарапшысы Ж.Молжігіт, «Лига волонтеров» ҚФ директоры А.Кажденбек және басқалары.

 


 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2017
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование