KZ     RU     ENG
Дүйсенбі, 25 Қыркүйек 2017



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
       123
4 5 67 8 910
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21222324
252627282930
барлығы:  10568731
2017 жылы:  1726335
бүгiн:  1094
қазiр:  51
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

18.05.2017

   2017 жылғы 18 мамырда Н.Дәулетова атындағы залда  республикалық қоғамдық-саяси «Айқын» газетінің саясат және экономика бөлімі редакторы, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты Гүлнар Жұмабайқызының «Өмір өткелдері» кітабының тұсаукесері өтті.

   Гүлнар Жұмабайқызының бұл жинағына 2011-2016 жылдарда «Айқын» газетінде «Өмір өткелдері» айдары бойынша жарияланған материалдары топтастырылған.
Кітаптың басты ерекшелігі – қазақ халқы тарихында есімі алтын әріппен жазылған, еліміздің дамуына өлшеусіз үлес қосқан түрлі саланың нағыз майталмандарының өмір жолынан – олардың туып-өскен жері, ата-анасы, балалық шағы, қалыптасу кезеңі, отбасылық жағдайы және азамат, тұлға ретінде өсіп-жетілуіне ықпалы болған жандар, сондай-ақ өмір соқпағындағы ең бір қиын, күрделі кезең жайлы ағынан жарылып әңгіме айта келіп, қазақ қазақ болып қалуы үшін қандай құндылықтарын, дәстүрін ерекше сақтауы тиіс екендігіне тоқталып, бүгінгі қоғам туралы ойларын ортаға салады. Мақаланың жазылу формасы да ерекше. Кейіпкер мен автор алма-кезек әңгіме айта отырып, кейіпкердің жан-дүниесін барынша ашуға тырысқан. Бұрын еш жерде айтылмаған, анығы кеңес дәуірінде «айтуға болмаған» көп сыр осы кітаптың алтын арқауы. Бұл – еркіндіктің, тәуелсіздіктің, сөз бостандығының жемісі.
   Кітап кейіпкерлері еліміздің сан-саласында еңбек еткен, халқымызға өте танымал тұлғалар. Олардың қатарында мемлекет және қоғам қайраткерлері, атап айтқанда академик Төрегелді Шарманов, КСРО және Қазақстанның халық артисі Бибігүл Төлегенова, Авиация генерал-майоры, Кеңес Одағының екі мәрте батыры, «Барыс» орденінің иегері Талғат Бигелдинов, Қазақстанның халық артисі Нұрғали Нүсіпжанов, демограф-ғалым Мақаш Тәтімов, 1980 жылғы Мәскеу Олимпиадасының чемпионы Жақсылық Үшкемпіров, белгілі дипломат Сәлім Құрманғожин, Халық қаһарманы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев, мәдениеттанушы-ғалым, дипломат Мұрат Әуезов, театр сыншысы Әшірбек Сығай, жазушы-драматург, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Дулат Исабеков, қаржыгер Ғалым Байназаров, сәулетші Шот-Аман Уәлиханов, ақын-сазгер, драматург, Тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты Исраил Сапарбай, Қазақстанның халық артисі Қайрат Байбосынов және тағы басқалар бар. Өкінішке қарай, бұл кітапқа енген біраз тұлға арамызда жоқ. Көңілге медет тұтарымыз – айтылған әңгіме, тасқа басылған мақала ертеңге естелік, есті сөзге мән берер келер ұрпаққа аманат болып қала береді.
   Модератор: «Айқын» газетінің шығарушы редакторы Ермахан Шайхыұлы.
   Қатысушылар:  С.Оразбаев, А.Осман, Ж.Еркімбеков, К.Серікбаев, Қ.Сәрсенбай және т.б.

      

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2017
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование