KZ     RU     ENG
Сәрсенбі, 20 Маусым 2018



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
        1 23
4 5 6 7 8910
11 12 13 14 151617
18 19 2021222324
252627282930
барлығы:  12140120
2018 жылы:  1203154
бүгiн:  1550
қазiр:  79
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

16.05.2017

   2017 жылғы 16 мамырда ҚР Ұлттық кітапханасының қолдауымен, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Қазақстан Республикасының Жазушылар одағы және Қазақстан Республикасындағы Иран Исламдық Республикасы елшілігінің Мәдени өкілділігі бірлесе ұйымдастырған ұлы парсы-тәжік ақыны Әбілқасым Фирдоусиға арналған Парсы-тәжік поэзия кешін өткізді.

   Парсы-тәжік әдебиеті – әлемнің түрлі елдер әдебиетінің дамуына үлкен ықпал тигізген бай, әрі ежелгі әлем әдебиеттерінің бірі.
   Парсы тілінде жазған ақындар: Рудақи, Низами, Хафиз, Омар Хайям, Саади, Руми, Жәми, Беділ және басқалары сияқты аттар күллі әлемде танымал, олардың шығармалары бүкіл адамзаттың асыл мұрасы болып есептеледі. Бұл жұмыстар көптеген тілдерге аударылған және парсы поэзиясының әдемілігін, әсемдігін, күшін бағалай алатын барлық оқырмандарға қол жетімді.
   Парсы тіл шеберлерінің бірі – «Шах-наме» («Патшалар кітабы») атты ұлы эпопеяның авторы  Әбілқасым Фирдоуси болып табылады. Кей кезде «Патша-кітап» деп аталатын бұл шығарма – ұлы тарихи және әдеби ескерткіш, иран елдерінің ұлы ұлттық эпосы.
   Іс-шараға Қазақстан, Иран, Тәжікстан және Ауғанстанның ұлы әдебиетшілері қатысты.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2018
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование