KZ     RU     ENG
Жұма, 27 Сәуір 2018



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
23 4 5 6 78
9 10 11 12 13 1415
16 17 18 19 202122
23 24 25 26272829
30
барлығы:  11513792
2018 жылы:  576826
бүгiн:  1075
қазiр:  73
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

12.05.2017

   2017 жылғы 12 мамырда белгілі ғалым, қоғам және мемлекет қайраткері, академик, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, экономика ғылымдарының докторы, профессор Оразалы Сәбденнің 70 жасқа толуына орай кездесу және 25 томдық «ЭКОНОМИКА»: таңдамалы еңбектері атты көптомдық монографиялық туындының тұсаукесер рәсімі өтті.

   Оразалы Сәбденнің Лондон қаласында жарық көрген, «ХХI ғасырдағы адамзаттың өмір сүру стратегиясының концепциясы және азық-түлік кауіпсіздігі» монографиясы әлемнің ең үздік Кембридж университетінде және Лондон қ. автордың қатысуымен презентацияланған(2016 ж.). Британдық «Hertfordshire Press» баспа үйінің ақпараты бойынша, бұл кітап әлемдегі 200 ең үздік университеттерге жөнелтілген. Келесі кітаптың презентациясының өткізілуі Осло қ. және Стокгольм қ. жоспарлануда.
   Бұл көпжылдық ғылыми туындыға О.Сәбден толыққанды саналы өмірін арнады. Бұл еңбектердің негізгі идеялары дүниежүзілік конгресстер мен конференцияларда баяндалған және де  Нобель сыйлығы иегерінен бастап, әлемнің көптеген ғалымдары өз оң пікірін жазған. О.Сәбденнің 25 томдық еңбектері тәуелсіз Қазақстанның дамуына сүбелі үлес қосты, ол үшін ҚР мемлекеттік сыйлығы берілді.
   Автор ғылыми ізденістерінің нәтижесі бойынша Елбасы және Үкімет атына бағытталған 30-дан астам концептуалды ұсыныс хаттар берді. Олардың біразы іске асты, қалған бөлігі өз уақытын күтуде.
   Іс-шараны ҚР Ұлттық директоры Ж.Т.Сейдуманов ашты.
   Модератор экономика ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның Ұлттық ғылым Академиясының академигі А.Кошанов.
   Сөз сөйлегендер: А.Осман, Б.Жүндібайқызы, О.Баймұратов, Ә.Сатыбалдин, К.Ормантаев, А.Бейсенова, студенттер және Алматы қаласының жастары.

  

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2018
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование