KZ     RU     ENG
Дүйсенбі, 21 Мамыр 2018



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 1 2 3 4 5 6
78 9 10 11 1213
14 15 16 17 18 1920
21222324252627
28293031
барлығы:  11765360
2018 жылы:  828394
бүгiн:  3847
қазiр:  72
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

14.04.2017

   2017 жылғы 14 сәуірде Н.Дәулетова атындағы залда Қазақстанның халық жазушысы Ә.Нұршайықовтың мемориалдық кабинеті жұмысының аясында «Қозы-Көрпеш пен Баян-Сұлу» қазақ эпосының батырлары үлгі болған Ғашықтар күніне арналған Әдеби поэзия кеші өтті.

   15 сәуір - Ғашықтар күні мерекесі махаббат тазалығы мен сұлулығын көрсетуге арналған. Жыл сайын қазақстандық жастар Қозы-Көрпеш пен Баян Сұлудың ұлы махаббатын еске түсіріп, осы күнді атап өтеді.
   Әдеби поэзия кешін ҚР Ұлттық кітапханасының «Қазақстан кітаптары» қызметі ұйымдастырып, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті филология факультетінің 1 курс студенттерімен бірлесіп өткізді. «Қазақстан кітаптары» қызметінің жетекшісі М.Б. Жаркналова іс-шараны ресми түрде ашып, «Махаббат жырлары» атты кітап көрмесімен таныстырды. Кеште ҚР Ұлттық кітапханасының жас мамандары, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы студенттерінің орындауында белгілі қазақ классиктерінің махаббат тақырыбына арналған өлеңдері оқылып, музыкалық әндер орындалды. Сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қызметінің кітапханашысы Н.М.Асқарбекова өз алғысын білдіре отырып, қазақтың «Дайдидау» атты халық әнін орындады.
   Кеш аясында «Махаббат жырлары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан қазақ әдебиетінің әйгілі классик жазушыларының және замануи авторларының шығармалары  қойылды.
   Іс-шараға әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы, жазушының қызы Ж.Ә.Нұршайықова, филология факультетінің шетелдік студенттері және ҚР Ұлттық кітапханасының оқырмандары мен қызметкерлері қатысты. Шетелдік студенттерге Ә.Нұршайықовтың мемориалдық кабинетіне экскурсия жүргізілді.

  

  

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2018
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование