KZ     RU     ENG
Дүйсенбі, 25 Қыркүйек 2017



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
       123
4 5 67 8 910
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21222324
252627282930
барлығы:  10568708
2017 жылы:  1726312
бүгiн:  1071
қазiр:  35
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

15.03.2017

15 наурызда Н. Даулетова атындағы залда Түркия онкүндігінің  шеңберінде «Алматы қаласындағы Түркия  мәдениетінің  күндері»  атты поэзия кеші өтті.
   Іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына  және Түркия мен Қазақстан  арасындағы  халықаралық қатынастарға, ҚР  Ұлттық  кітапханасындағы  Түркия кітап бұрышының  10 жылдығына арналды. Осы  іс-шара  әл-Фараби атындағы Қазақ  Ұлттық университетінің Түрксой  кафедрасымен бірлесе отырып өткізілді.
   Іс шараны ҚР Ұлттық кітапханасы директорының  орынбасары Б.Қ .Оспанова ашып, әл-Фараби  атындағы  Қазақ Ұлттық университетінің  шығыстану  факультеті  Түрксой кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Т.Е. Қыдыр жүргізді.
   Кеште Түркия Республикасының Алматыдағы бас консулы Рыза Қаған Йылмаз, Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры, доцент, доктор Н. Шимшек, Анкарадағы Түрік  университеттің профессоры Ариф Аджалұғлы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Шығыстану факультетінің деканы Б.Н. Жұбатова, белгілі тюрколог Ерден Задаұлы, «Үркер» журналының бас редакторы Қ. Түменбаев, ұйғыр жазушысы  А. Ашири және т.б. сөз сөйлеп, өз пікірлерін білдірді.
   Кеш  барысында  «Дала дауысы»  фестивалінің дәстүрлі әншісі А.Жаңабаев ән шырқап, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенттері түрік және қазақ тілдерінде өлеңдер оқыды. Кеш аясында Түркия кітап  бұрышының 10 жылдығына арналған слайдтар көрсетіліп, қатысушылардың назарына Түркия мәдениеті мен әдебиеті атты кітап және қолөнер көрмесі ұйымдастырылды.
   Қатысушылар: Түрік елшіліктің өкілдері, шетел қонақтары,  жазушылар мен ақындар, әл-Фараби атындағы  жоғарғы оқу орындарының студенттері, «Егемен Қазақстан» газетінің, Қазақстан телеарнасының өкілдері, оқырмандар және кітапхана қызметкерлері.

    

   

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2017
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование