KZ     RU     ENG
Жұма, 27 Сәуір 2018



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
23 4 5 6 78
9 10 11 12 13 1415
16 17 18 19 202122
23 24 25 26272829
30
барлығы:  11513796
2018 жылы:  576830
бүгiн:  1079
қазiр:  67
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

11.02.2017

   2017 жылғы 11 ақпанда Н.Дәулетова атындағы залда Қанат Тасыбековтың «Мәміле» клубының алғашқы отырысы өтті.

   Қанат Тасыбековтың «Мәміле» клубы мемлекеттік тілді, қазақ халқының тарихи және мәдени мұрасын зерделеу, сондай-ақ қоғамдық деңгейде қоғам мүшелері арасындағы өзара түсіністікке жету үшін әңгіме құру арқылы Қазақстандағы азаматтық қоғамның  нығаюына жәрдемдесу мақсатында құрылған. Сарапшыларды (қазақтілді тарихышаларды, ақын-жазушыларды, мәдениеттанушылар мен этнографтарды) шақыра отырып, қоғамды толғандырып жүрген түрлі мәселелерге ымыралар мен мәмілелер іздеу үшін,  ұлттық салт-дәстүрлерді және діл ерекшеліктерін терең тану арқылы еркін пікір алмасу түрінде әңгіме, пікірталас алаңын жасау көзделді.

   Отырыстың алғашқы күнінде клубтың әр мүшесі өздерін таныстырып, клубқа келу себептерімен бөлісті және алда қарастырылатын тақырыптарын талқылап, ұсыныстарын ортаға салды.

  

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2018
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование