KZ     RU     ENG
Сәрсенбі, 22 Қараша 2017



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
   1 2 3 45
67 8 9 10 1112
13 14 15 16 17 1819
20 212223242526
27282930
барлығы:  10784109
2017 жылы:  1941713
бүгiн:  873
қазiр:  18
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

10.02.2017

   «Өнер» бөлімінің оқу залында қазақтың театр режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстанның халық әртісі, профессор Маман Байсеркеновтың 80 жасқа толуына арналған «Театр сахнасының шебері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
   М. Байсеркенов 1937 жылы 13 ақпанда Алматы облысының Алакөл ауданына қарасты Екпінді ауылында дүниеге келген.  Алматы консерваториясын (А.Тоқпановтың жетекшілігімен, 1964 ж.) бітірген.  1970-1972 жж. Мәскеу көркем академиялық театрында тәжірибе жинақтауда (О.Н.Ефремовтің жетекшілігімен) болды. 1964-1970 жылдары Атырау, Қызылорда облыстық драма театрларында режиссер,  1972-1976 жылдары Жамбыл облыстық қазақ драма театрында бас режиссер, 1976-1981 жылдары Ғ. Мүсірепов атындағы Академиялық жастар және балалар театрында, 1981-1983 жылдары Республикалық корей театрында бас режиссер қызметін атқарды. 1983 жылдан Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында ұстаздық қызметпен шұғылданады.
   В. В. Вишневскийдің «Оптимистік трагедия» (Қазақстан комсомолы сыйлығының, 1968), А. П. Штейннің «Толас», Ян Соловичтің «Түлен түрткен тіленші», С.Шаймерденовтің «Әнім сен едің», Ғ.Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» бойынша, У.Шекспирдің «Гамлет» және т.б. спектакльдер көрерменнің ыстық ықыласына ие болды. М.Байсеркенов қазақ театр өнері тарихында бірінші рет спектакльді екі кешке бөліп қойды (М. А. Шолоховтың «Тынық Дон» трилогиясын аударған Т.Әлімқұлов, сахналық нұсқасын Жамбыл облыстық драма театрының сахнасында). М.Байсеркенов — «Түлен түрткен тіленші» атты пьесалар аудармалары жинағының, «Қойылым және қолтаңба», «Сахна және актер» деген ой-толғау кітаптардың авторы. 1996 жылы Қазақ академиялық драма театрында өзінің «Абылай ханның ақырғы күндері» атты тарихи драмасын сахналады.

   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының кітаптар және мерзімдік басылымдар қорынан қазақтың режиссері Маман Байсеркеновтің  өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар ұсынылған.

   Кітап көрмесіне келіңіздер!


« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2017
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование