KZ     RU     ENG
Жексебі, 23 Шілде 2017



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
          1 2
3 4 56789
10 11 12 13 14 1516
17 18 19 20212223
24252627282930
31
барлығы:  10183038
2017 жылы:  1340642
бүгiн:  292
қазiр:  148
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

10.02.2017

   2017 жылғы 10 ақпанда Балалар ауылының 20 жылдығына арналған «SOS Алматы балалар ауылы» МБМ-де ҚР Ұлттық кітапханасының «Кітап – қазына» атты кітап бұрышының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

   Іс-шара барысында ҚР Ұлттық кітапханасы мен «SOS Алматы балалар ауылы» арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
   Аталған іс-шара ҚР Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік»  Жолдауын  жүзеге асыру мақсатында өткізілді. «Адами капитал сапасын жақсарту» атты төртінші басымдықта Елбасы «Біздің мақсатымыз - білім саласын экономикалық өсудің жаңа моделі ретінде қарау» екендігін атап өтті.
   Осыған орай, ІТ-білімді, қаржылық сауаттылықты және жастардың патриотизімін қалыптастыруға көп көңіл бөлінуі тиіс.
   «SOS Алматы балалар ауылы» – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар тәрбиеленетін мемелекеттік емес мекеме, ол 1997 жылы Қазақстанда алғаш рет Қазақстанның бірінші ханымы Сара Алпысқызы Назарбаеваның бастамасымен ашылған болатын.
   Биыл Балалар ауылының  құрылғанына 20 жыл болады. Осы 20 жылдық аясында бірқатар тәрбиелік және мәдени іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр. Солардың бірі, «SOS Алматы балалар ауылы» МБМ-де ҚР Ұлттық кітапханасының кітап бұрышының ашылуы.
   Іс-шараны «SOS Алматы балалар ауылының» директоры Сауранбаева Мира Мұратқызы ашты.
   Алғашқы сөз, «SOS Қазақстан балалар ауылының» Қамқоршылар Кеңесі Корпоративтік қорының төрағасы, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Сейдуманов Серік Тұрарұлына берілді.

   Сөз сөйлегендер: Сидней олимпиадасының чемпионы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ольга Шишигина, Алматы қаласы Білім басқармасының өкілі Өтешова Алмагүл Құмарқызы, Алматы полиграфия колледжінің директоры Ахметов Біләлдин Әлиақбарұлы, ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Сейдуманов Жанат Тұрарұлы.
   Сөз соңында Жанат Тұрарұлы «SOS Алматы балалар ауылына» ҚР Ұлттық кітапханасының айырбастау-резервтік қорынан кітаптарды сыйға тартып, 12 жасқа толған барлық тәрбиеленушілерге ҚР Ұлттық кітапханасының оқырман билеттерін табыстады.
   Алматы полиграфия колледжінің директоры Б.Ә.Ахметов, екі тәрбиеленушіге Ресей ЖОО-да грант негізінде оқуға мүмкіндік беретін, Баспалар қауымдастығының, Қазақстанның кітаптаратушылары мен баспагерлерінің «Алтын сертификатын» табыстады.
   Іс-шара барысында кітапхана қызметкерлері арнайы ұйымдастырған концерт қойылды.

   Қатысушылар: ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Балалар ауылының және ҚР Ұлттық кітапханасының қызметкерлері мен мамандары, ҚР Ұлттық кітапханасының баспасөз кызметі, БАҚ өкілдері.

  

  



« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2017
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование