Қазақша     Русский     English
Серіктестер туралы
Орталықтың қызмет түрлері
Негізгі топтама
Электрондық ресурстар
Каталог
барлығы:  87436
2017 жылы:  7833
бүгiн:  7
қазiр:  5
Негізгі бетке өту
Даму жөнiндегі ақпарат орталығы / Серіктестер туралы

                   ДАМУ ЖӨНІНДЕГІ АҚПАРАТ ОРТАЛЫҒЫ

                   ИНФОРМАЦИОННЫЙ ЦЕНТР РАЗВИТИЯ

                   DEVELOPMENT INFORMATION CENTER

 

Дүниежүзілік банк (ДБ) 1944 жылы  құрылған әлеуметтік-экономикалық даму мақсаттарына қаржы бөлетін дүние жүзіндегі ең ірі ұйымдардың бірі. Қазіргі таңда ДБ 100-ден астам елдердің  әл-ауқаты нашар тұрғындарының тұрмыс жағдайын көтеруде және жақсатуда кеңестер беріп, қаржылай көмек көрсетеді.
ДБ сайттары:www.worldbank.org  және www.worldbank.org.kz.

Азия даму банкінің Орталық Азиядағы аймақтық экономикалық ынтымақтастық департаменті (ОААЭЫ) бағдарламасы транспорт секторында, саудада, энергетикада және басқа да өзара мүдделілік туғызатын  басты салалар бойынша экономикалық ынтымақтастықты қолдап, дамыту арқылы Еуразиядағы күшею үстіндегі интеграциялық үдерістерде Орталық Азия мен оған көршілес елдердің өз әлеуетін жүзеге асыруына  көмектеседі. ОААЭЫ-ның негізгі мақсаты ынтымақтастық арқылы даму болып табылады.
ОААЭЫ сайты: www.adb.org/CAREC.

Еуразия даму банкі (ЕАДБ) 2006 жылы қаңтар айында  Ресей мен Қазақстан мемлекеттері тарапынан  құрылған халықаралық қаржы ұйымы болып табылады. Банк бұрынғы Кеңес аймағындағы елдерде өзара сауда-экономикалық байланыстарды  кеңейту, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің нарықтық экономикасының дамуына, олардың тұрақты экономикалық дамуына ықпал ету мақсатында құрылды. Банктың мақсаты – қаржы инфрақұрылымындағы біріктіруші күшке айналу және  қатысушы мемлекеттер арасындағы интеграциялық үрдістерді  тереңдету.
Банк туралы толығырақ  ақпарат  www.eabr.org.  сайтында.
 
Ислам даму банкі (ИДБ) 1975 жылы құрылған. ИДБ-іне мүше елдердің және ИДБ-іне мүше емес елдердегі мұсылман бірлестіктерінің экономикалық  дамуына және әлеуметтік ілгерілеуіне  әсер ететін,  ИДБ-іне мүше елдердің арасындағы өзара ынтымақтастық пен қарым-қатынастарды қолдап-қуаттайтын, ислам елдерінің экономикасының, қаржылық және банк істерінің дамуына ықпал ететін халықаралық қаржы институты болып табылады.
ИДБ сайты: www.isdb.org.
 
Біріккен Ұлттар Ұйымы  (БҰҰ).  Құрамында елу бір ел бар ұйым 1945 жылы құрылды.   Ұйымның  басты мақсаты – халықаралық  ынтымақтастықты дамыту, ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету арқылы бейбітшілікті сақтау. Бүгінгі таңда  БҰҰ-на 192 ел мүше. БҰҰ – бүкіл адамзаттың мәселелерін шешетін орталық. Мұндай маңызды істер БҰҰ-ның жүйесін  құрайтын  30-дан астам ұйымның өзара күш  біріктіруі  арқылы жүзеге асырылады.
БҰҰ сайты: www.un.org және www.un.kz.

Copyright © 2004-2017
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование