Қазақша     Русский     English
Электрондық кітапхана туралы
Электрондық кітапхана
Форум
Авторларға арналған ақпарат
Пайдалы сілтемелер
Байланыстар
барлығы:  241415
2018 жылы:  53712
бүгiн:  191
қазiр:  13
Негізгі бетке өту
"Қазақстанның қазіргі заманғы әдебиеті" Электрондық кітапханасы / Электрондық кітапхана туралы

Қазақстанның қазіргі заманғы әдебиеті
Электрондық кітапханасы

   Қазіргі заманғы Қазақстан әдебиетінің электрондық кітапханасы он-лайн режимінде заманауи Қазақстан әдебиеті қорына қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Кітапхананың ең басты міндеттерінің бірі –  тұрғындардың оқуға құштарлығын арттыру арқылы мемлекетімізде кітап оқудың беделін көтеру, жас ұрпақты оқуға тарту және төлтума мәдениетімізді сақтап қалу. Осы міндетті жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы кітап пен оқуды кеңінен насихаттау үшін әртүрлі мәдени іс-шаралар өткізеді. Олардың қатарында жаңа кітаптардың тұсаукесер рәсімдері де бар. Осы тұсаукесер рәсімдерінде ҚР Ұлттық кітапханасы жаңа кітаптардың авторларымен Авторлық келісімшарт жасайды.

   Әдеби шығармалардың электрондық кітапханасын жасау жобасы 2007 жылдан бері іске асырылып келеді. Дүйсенбек Нақыпов, Эрнест Төреханов, Аслан Жақсылықовтар Ұлтық кітапханамен келісімшартқа қол қойған алғашқы авторлар болып табылады. 

  Қазіргі заманғы Қазақстан әдебиетінің электрондық кітапханасы Авторлық келісімшарт негізінде авторларға Ғаламтор желісінде өздерінің әдеби шығармаларын еркін жариялауға мүмкіншілік туғызады. Барлық шығармалардың Авторлық құқығы авторларға тиесілі болып табылады және заң жүзінде қорғалады.

   Құрметті оқырман! Егер сіздерді қызықтырса:

Қазақ көркем әдебиеті: мында қараңыз: http://www.kitap.kz/kk/books/literature

Әдебиет порталы: http://adebiportal.kz/catalog/?lang=kz

Орыс классикалық әдебиеті: мында қараңыз: http://www.klassika.ru:8014/

Copyright © 2004-2018
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование