KZ     RU     ENG
Сейсенбі, 25 Маусым 2019



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
         12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
барлығы:  16115668
2019 жылы:  1577450
бүгiн:  16485
қазiр:  88
Негізгі бетке өту
ӘДІСКЕР ПАРАҚШАСЫ / Клубтар / Artepoetry Kitaphana Галереясы

Artepoetry Kitaphana Галереясы

Қазақстанда тұңғыш рет өнердің екі саласы – бейнелеу және сөз өнерлерін біріктірген галерея Ұлттық кітапханада ашылды. Біздің міндетімізге қызығушылық танытқан барлық тұлғалар мен коллекционерлерді қызмет көрсету мен ақпараттың жоғарғы деңгейімен қамтамасыз ету кіреді. Artepoetry Kitaphana Галереясы сарапшылардың ойы бойынша келешегі бар дарынды суретшілердің бірегей туындыларын ұсынады.

Арт-мектебі
Галереядағы арт-мектеп басшыларының үлкен талап қоюлары арқылы мектеп өзінің жетекші рөлін сақтап қалды. Қазіргі уақытта екі педагог аптасына 2-3 сағаттан тәжірібелік және 1 сағат теоретикалық сабақтар өтіп жатыр. Оқушылардың құрамы тәжірибелі суретшілерден тұрады, бірақ бұл құрамға жаңадан қосылып жатқан адамдар да жазыла алады. Әр курс бітірген сайын оқушылар мен оқытушылар бірлесіп көрме ұйымдастырады.

Қоғамдық Қор.
Галереяны Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының жанынан "Наследие Великой Степи" атты Қоғамдық Қоры құрды. Қордың қолдауымен Галерея жанындағы Арт-мектепте ерекше дарынды, келешекте мектеп бітірген соң ескерусіз қалмай, өз жұмыстарын біздің галереяда таныстыра алатын жасөспірімдер мерзімді түрде білім алып отырады.
Қор, сонымен қатар, Қазақстан суретшілері мен жазушылары арасында мерзімді түрде түрлі тақырыптық сайыстар өткізіп отырады. Барлық қатысушылардың ішінен он адамның жұмысы іріктеліп, ақысыз түрде галереяға қойылады. Қатысушылар өздерінің бірнеше жұмыстарын галереяда әрі қарай жүзеге асыру мақсатында қалдыруға құқылы.

 

Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование