KZ     RU     ENG
Сейсенбі, 25 Маусым 2019



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
         12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
барлығы:  16115682
2019 жылы:  1577464
бүгiн:  16499
қазiр:  96
Негізгі бетке өту
ӘДІСКЕР ПАРАҚШАСЫ / Клубтар / Ынтымақ

«Ынтымақ» бірлестігінің жетекшісі:
Ахметов Берікбол
«Ынтымақ» бірлестігі жетекшісінің орынбасары
Шаймерденова Назерке: 8 775 851 71 08

«Ынтымақ» бірлестігі
Жалпы ереже: «Ынтымақ» бірлестігі елбасымыз Н.Ə.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы негізінде жастарды рухани жаңғыруға шақыру мақсатында құрылған бірлестік.
Мақсаты: Елімізге еңбегіміз тиіп, болашақта жастар арасында «Ой сайыс» интеллектуалды додасын республикалық деңгейге жеткізу, жастарды жүрек жылуына, қайырымдылыққа баулу; Алматы қаласының белсенді жастары арасында спорттық сайыстар өткізу, талантты жастардың бар қырларын байқап, оны дамытуға атсалысу, мүмкіндік тудыру.
Міндеті: Жыл сайын студенттер мен оқушылар арасында (оқушылар - 14-17 жас, студенттер - 17-25 жас аралығында) екі тілде (орысша жəне қазақша) «Ой сайыс» интеллектуалды додасын өткізіп отыру; жылына 1 рет үлкен, жоғары деңгейдегі қайырымдылық концерт, 3 айда 1 рет спорттық жарыстар, 2 айда 1 рет ақын-жазушылармен, əншілермен және зиялы қауым өкілдерімен кездесу, апта сайын «Ой сайыс» интеллектуалды додасын өткізу, мереке күндері жастармен тақырыптық концерттер, party ұйымдастыру.
1. Зиялы қауым өкілдерімен кездесулер өткізу;
2. Мереке күндері концерттік іс-шаралар ұйымдастыру;
3. Жастар арасында өзекті тақырыптармен дөңгелек үстел ұйымдастыру;
4. Наурыз айының мереке күндері концерттер өткізу;
5. Сәуір айының 3-ші аптасында қайырымдылық іс-шаралар ұйымдастыру;
6. Сәуір айының 4-ші аптасында қала жастарымен Party өткізу;
7. Маусым айының 3-ші аптасында қала жастарымен қызықты спорттық жарыстар өткізу.


 

Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование