KZ     RU     ENG
Дүйсенбі, 17 Желтоқсан 2018



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
         12
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 1516
17181920212223
24252627282930
31
барлығы:  14398309
2018 жылы:  3461343
бүгiн:  3574
қазiр:  132
Негізгі бетке өту
Biennale / ТҮРКІСОЙ
 

Құрметі қонақтар! Ардақты қаламгерлер! Қадірлі Отандастар!

 

Түркі мәдениетінің халықаралық ұйымы Түркісойдың мақсаты – мәдениеттің кез-келген саласындағы түркі халықтарының интеграциялық үрдістерін қолдау, ата-бабадан келе жатқан мәдени дәстүрлерімізді болашақ ұрпаққа аманаттау екені бәріңізге мәлім!

Сондықтан да, біз әлем халықтары арасындағы мәдени көпірлерді салушы бауырластықты бекітуші кез-келген жобада шын-көңілмен қуанамыз, қолдау білдіреміз.

Бүгін сондай жобалардың бірі – жыршылардың қоғамның рухани өміріне әсері туралы халықаралық әдеби Биенналеге қатысудамыз. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» атты мақаласынан кейін ел ішінде рухани өмірдің өзекті мәселелерін талқылайтын жиындар көбеюі заңды. Елбасы мақаласы біздің елде ғана емес, түбі бір түркі елдері арасында да ерекше қызығушылық тудырып, ірі басқосулардың арқауы болды. Себебі, әлемнің барлық елінде руханият күрделі жағдайда қазіргі заманғы қоғамның рухани өмірінің сан-қилы қайшылықтар мен сұраныстарға толы екенін еске алсақ, қоғам өмірі үшін аса маңызды тақырыпты қозғаған жиынымыздың нәтижелі өтетініне сенемін. Жазушы ұлттық әдебиеттің сөзін ұстаушы, туын көтеруші ғана емес, сол елдің ұлттық болмысының рухани әлемін аса ізгі тамыршысы. Жазушының, қоғамның рухани өміріне қосқан үлесі қандай кезең болса да өз құндылығын ешқашан жоймайды, сондықтан ақын-жазушыларды, сөз өнерінің көрнекті өкілдерін көзі-тірісінде қадірлеп, құрмет көрсетуіміз керек.

Осы орайда біздің ұйым 2010 жылдан бастап әр жылды түркі халықтары мәдениеті мен әдебиетінің көрнекті тұлғаларының құрметіне арнауды дәстүрге енгізді. 2010 жыл башқұрт елшісі Зәки Балидің туған күнін, 2011 жыл татар ақыны Ғабдолла Тоқайдың, 2013 жыл қазақ композиторы Мұқан Төлебаевтың, 2014 жыл түрікмен ақыны Махмұт Құрдың және қырғыз ақыны Тоқтығұлдың, 2015 жыл түрік жазушысы Халту Теренің, хакас жыршысы Семен Кавышевтың, 2016 жыл орта ғасырлық түркі ақыны Жүсіп Баласағұнның,  ал 2017 жыл әзірбайжан ақыны Молла Бенах Вагивтің мерейтойларына арналды. Бұл жоба қаншама көрнекті тұлғалардың рухани мұраларын туыс тілдерге аударылуына себеп болды. Атаулы жылдарды бүкіл түркітілдес елдердің, бұл атақты қаламгерлерді бауырлас жұрттардың қаншама жас ұрпағы жаңа қырынан танып, осының әсерінен өмірге қаншама жаңа туынды келді. Атаулы жылдан бөлек біздің ұйымның қолдауымен Абай, Жамбыл, Дина, Сүйінбай, Тәттімбет, Қасым Аманжолов, Қалижан Бекхожин, Сәкен Сейфуллин, Олжас Сүлейменов, бұдан басқа да мыңдаған қазақ ақын-жазушылары мен еңбек қайраткерлерінің мерейтойларын халықаралық деңгейде аталып өтті. Бұлардың ішінде үшеуіне Дина, Сүйінбай, Тәттімбеттің аттарында біздің елдің ұсынысымен Түркия астанасы Анкара қаласында саябақтар ашылды. Күні кеше ғана Түркиядағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің бастамасымен жыр алыбы Жамбыл атамыздың құрметіне Анкара қаласының Мичерин ауданында Жамбыл атындағы көше ашылды. Кейінгі жылдары Түркісой халықаралық ұйымының әдебиет руханият саласындағы жобалары бауырлас халықтардың әдеби қарым-қатынастарыыңн дамуына, туыс тілдерінің бір-біріне әдеби артуына қаламгерлердің және олардың шығармаларының түркітілдес елдерде танымал болуына үлкен үлес қосқаны анық. Осы жұмыстардың жемісі ретінде қаншама дүниелер жарық көрді. Бауырлас халықтар әдебиетінің аударылып басылған кітаптарының саны еселеп артуда. Осының бәрі әлеуметтік хал-жағдайға қарамастан рухани әлемді бірінші орынға қоя білген қаламгерлер мен қайраткерлердің арқасы. Бүгінгі кездесуді тамыры терең сөз өнерінің тізгінін ұстаған тұлғаларымызға, қазіргі көш-басшыларға шын көңілден жасалған құрмет деп есептеймін. Шараны ұйымдастырған Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына және Қазақстан Жазушылар одағының басшыларына алғыс сезімімді білдіре отырып, Тәуелсіз еліміздің рухани мұрасын ұлықтай білетін ұлағатты ұрпағы  көбейсін деп тілеймін!
Copyright © 2004-2018
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование